|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: ІІ «Шығындар» бөлімінде: 10 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобында: 09 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау мен жер қатынастары саласындағы өзге де қызметтер» кіші функциясында: 212 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» әкімшісі бойынша: 001 «Агроөнеркәсіптік кешен, орман және су шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасында: 001 «Орталық органның аппараты» кіші бағдарламасындағы «433308» деген сандар «448308» деген сандармен ауыстырылсын; 002 «Аумақтық органдардың аппараттары» кіші бағдарламасындағы «5066908» деген сандар «5051908» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |