|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 9 қарашадағы № 1686 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 725 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Экспорттық мұнай-газ құбырлары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 қарашадағы № 1686 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға қосымшада: Экспорттық мұнай-газ құбырлары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қабылдин Қайыргелді Мақсұтұлы - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарушы директоры, атқарушы хатшы (келісім бойынша)» деген жолдағы «атқарушы хатшы (келісім бойынша)» деген сөздер «хатшы» деген сөзбен ауыстырылсын; көрсетілген құрамнан Дунаев Арман Ғалиасқарұлы, Келімбетов Қайрат Нематұлы, Самақова Айткүл Байғазықызы, Кравченко Иван Михайлович, Дүтбаев Нартай Нұртайұлы, Мамин Асқар Ұзақбайұлы шығарылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |