|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 637 бұйрығымен бекітілген
Резидент еместердің төлем көзінен ұсталған корпорациялық табыс салығы сомасының есебін жасау
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) сәйкес әзірленген және табыстарды төлейтін салық агентінің резидент еместердің төлем көзінен ұсталатын табыстарынан корпорациялық табыс салығының сомаларын есептеу мен аударуға арналған 101.06 нысаны бойынша резидент еместердің төлем көзінен ұсталған корпорациялық табыс салығы сомасының есебін (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды. 1) қағаз тасығышта - қара немесе көк сиялы қалам немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады. 3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер жоқ болған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды. 5. Қосымша нысандардың «Жалпы ақпарат» бөлімінде Есептің «Салық агенті туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті көрсеткіштер көрсетіледі. 6. Есепке 1-5 қосымша нысандар салық кезеңінің әр бір айы бойынша жеке толтырылады. Бұл кезде қосымша нысанның «Жалпы ақпарат» бөлімінде салық кезеңінің қай айы үшін осы нысан толтырылатыны көрсетіледі. 7. Тиісті қосымша нысанның деректері болған кезде аталған қосымша нысан міндетті тәртіпте толтыруға жатады. Тиісті қосымша нысанның деректері жоқ болған кезде көрсетілген қосымша нысан берлімейді. 1) қағаз тасығышта келу тәртібімен екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық агентіне қайтарылады; 2) хабарламалы тапсырысты хатпен почта бойынша - салық агенті почта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|