|
ҚР Қаржы министрлігі 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен 2008 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 637 бұйрығымен бекітілген
Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация жасау ережесі
1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) сәйкес әзірленген және резидент заңды тұлғалардың, сондай-ақ Салық Кодексінің 115, 120 және 121-баптарына сәйкес әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар мен коммерциялық емес ұйымдардан, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мен екінші деңгейдегі банкілер, мемлекеттік мекемелер және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен басқа, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың, жер қойнауын пайдаланушылардың корпорациялық табыс салығын есептеу мен кірістерді мәлімдеуге арналған табыс салығы бойынша декларацияны (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. 2. Декларация Декларацияның өзінен (100-нысан) және корпорациялық табыс салығы бойынша салық салумен байланысты объектілер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты ашуға оған қосымшалардан (100.01-тен 100.42 нысандар бойынша) тұрады. 3. Декларацияны жасау кезінде: 1) қағаз тасығышта - нысандар айналмалы немесе қауырсын қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, бас баспа әріптерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады. 4. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, тазартуға, былғауға жол берілмейді. 5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде нысанның тиісті торкөздері толтырылмайды. 6. Декларацияда қосымшаларда көрсетілуге жататын деректер жоқ болған жағдайда аталған қосымшалар берілмейді. 7. Тиісті қосымша нысанда көрсеткіштерді ашуды талап ететін жолдарды толтыру кезінде аталған қосымша нысандар міндетті тәртіпте толтыруға жатады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|