Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
ҚР Үкіметінің 2006.20.11 № 1090 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының туристік саласын дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін. 3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын. 4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне жүктелсін. 5. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жарты жылда бір рет есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын. 6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Президентінің 2006 жылғы № ___ Жарлығымен Бекітілген
Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Астана - 2006 жыл
МАЗМҰНЫ
1. Паспорт 2. Кіріспе 3. Туристік саланың қазіргі жай-күйі мен дамуына талдау жасау 3.1 Туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың қорытындылары 3.2 Халықаралық тәжірибені талдау 3.3 Туристік кластерді құру және дамыту жөніндегі шараларды іске асыру 3.4 Облыстардағы туризм дамуының жай-күйі 3.5. Туризм инфрақұрылымы 4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|