ҚР Қаржы министрлігі 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен 2008 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 637 бұйрығымен бекітілген
Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған
1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және шағын бизнес субъектілері үшін қоса берілген 910.00 нысан бойынша оңайтылған декларация (бұдан әрі - Оңайлатылған декларация) жасау тәртібін көздейді. 2. Оңайлатылған декларация оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі бойынша бюджетпен есеп айырысуға арналған. 3. Оңайлатылған декларацияны жасау кезінде: 1) қағаз тасығышта - Оңайлатылған декларация қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - Оңайлатылған декларация Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады. 4. Оңайлатылған декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде Оңайлатылған декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды. 6. Оңайлатылған декларацияны беру кезінде: 1) қағаз тасығышта келу тәртібімен - Оңайлатылған декларация екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады; 2) хабарламалы тапсырысты хатпен почта бойынша - салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады; 3) Салық кодексінің 69-бабындағы 8-тармақтың 3) тармақшасына сәйкес келу тәртібімен немесе электрондық почта бойынша электрондық түрде - салық төлеуші Оңайлатылған декларацияны қабылдау (жеткізу) туралы хабарламаны салық органында немесе электрондық почта бойынша алады.
2. Оңайлатылған декларацияны жасау
7. “Жалпы ақпарат” бөлімінде: 1) 1-жолда салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі; 2) 2- жолда есепті салық кезеңі көрсетіледі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|