|
ҚР Қаржы министрлігі 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен 2008 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 637 бұйрығымен бекітілген
Жеке табыс салығы бойынша есепті жасау ережелері
1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және жеке тұлғаларға есептелген және төленген, жеке табыс салығының, Салық кодексінің 24 тарауына сәйкес бюджетке есептелген және аударылған, Салық кодексінің 145-бабының 2, 3-тармақтарымен белгіленген ставкалар бойынша төлем көзіне салық салынатын дивидендтерді, сыйқыларды, ұтыстарды (бұдан әрі - дивидендтер, сыйқылар, ұтыстар) көрсетуге арналған, салық агенттерінің Жеке табыс салығы бойынша есепті (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды. 1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады. 3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, тазартуға және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер жоқ болған кезде Есептің тиісті торкөздері толтырылмайды. 5. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол жақтағы тор көзінде « - » белгісімен белгіленеді. 1) қағаз тасығышта келу тәртібімен Есеп екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады; 2) хабарламамен тапсырысты хатпен қағаз тасығышта почта бойынша - салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады; 3) Салық кодексінің 69-бабындағы 8-тармақтың 3) тармақшасына сәйкес келу тәртібімен немесе электрондық почта бойынша электрондық түрде салық төлеуші Есепті қабылдау (жеткізу) туралы хабарламаны салық органында немесе электрондық почта бойынша алады. 7. Есепке Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.
2. Есепті жасау (201.02-нысан)
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|