|
ҚР Қаржы министрлігі 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен 2008 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 637 бұйрығымен бекітілген
Жеке табыс салығы бойынша есепті жасау ережелері
1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар - салық агенттерінің Салық кодексінің 145-бабының 1-тармағымен белгіленген ставкалар бойынша төлем көзіне салық салынатын, кірістерді (бұдан әрі - төлем көзіне салық салынатын кірістер) жеке тұлғаларға есептелген және төленген, Салық кодексінің 24-тарауына сәйкес бюджетке есептелген және аударылған жеке табыс салығының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына ұсталған және аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес әлеуметтік аударымдарды көрсетуге арналған жеке табыс салығы бойынша есепті (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін көздейді. 2. Есеп Есептің өзінен (201.03-нысан) және қосымша нысаннан тұрады. Қосымша нысан жыл қорытындысы бойынша толтырылады және Есеппен бірге, сондай-ақ „Таратылған” ұяшығын белгілеген Есепті тапсырған кезде табыс етіледі. 1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады. 4. Есепті толтыру кезінде түзетуге, тазартуға және тазалауға жол берілмейді. 5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде Есептің тиісті торкөздері толтырылмайды. Қосымша нысандарда көрсетілуі тиіс көрсеткіштер жоқ жағдайда, қосымша нысан берілмейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|