|
ҚР Қаржы министрлігі 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен 2008 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 637 бұйрығымен бекітілген
Қосылған құн салығы бойынша декларацияны жасау ережелері
1. Осы Ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші - заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимін қолданатын қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығын дұрыс есептеуі мен уақтылы төлеуіне арналған Қосылған құн салығы бойынша декларацияны (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. 2. Декларацияны жасау кезінде: 1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа белгілерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабының 1-тармағына сәйкес толтырылады. 3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер жоқ болған кезде Декларациялардың тиісті торкөздері толтырылмайды. 5. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол торкөзінде “-” белгісімен белгіленеді. 1) қағаз тасығышта келу тәртібімен-Декларация екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады; 2) хабарламамен тапсырысты хатпен почта бойынша - салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады; 3) Салық кодексінің 69-бабындағы 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес келу тәртібімен немесе электрондық почта бойынша электрондық түрде салық төлеуші Декларацияны қабылдау (жеткізу) туралы хабарламаны салық органында немесе электрондық почта бойынша алады. 7. 310.00 нысаны бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірілмей тоқсан сайын беріледі. 8. Қосылған құн салығын төлеу мерзімі мен тәртібі Салық кодексінің 389-бабында айқындалған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|