|
ҚР Қаржы министрлігі 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен 2008 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 637 бұйрығымен бекітілген
Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация жасау ережелері
1. Осы ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын және мынадай шарттарға сәйкес келетін ұйымдардың кірістерін мәлімдеуге арналған корпорациялық табыс салығы бойынша декларация (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін көздейді: 1) салық кезеңі үшін мүгедектердің саны қызметкерлердің жалпы санынан кемінде 51 проценті болатын; 2) салық кезеңінде мүгедектердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар еңбекке ақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемінде 51 процентін (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдарда - кемінде 35 процент) құрайтын ұйымдар жатады. Жоғарыда аталған шарттарға сәйкес келетініне қарамастан акцизделетін тауарларды өндіру мен сату бойынша қызметтен және қызметтің акциздік түрлерінен кірістер алатын ұйымдар салық салудың осы тәртібін қолданбайды және 100.00 нысаны бойынша корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырады. 2. Декларация Декларацияның өзінен (140.00 нысаны) және корпорациялық табыс салығы бойынша салық салумен байланысты объектілер және салық салу объектілері туралы ақпаратты ашу бойынша оған қосымшалардан (140.01 - 140.11 нысандары) тұрады. 3. Декларацияны жасау кезінде: 1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, бас баспа әріптерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады. 4. Декларацияларды толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға, және өшіруге жол берілмейді. 5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде нысандардың тиісті торкөздері толтырылмайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|