Қазақстан Республикасы Президентінің
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1199 қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдама мақұлдансын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 2006 жылғы №
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы____________ №________Жарлығымен мақұлданған
Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегi Тұжырымдама
1. Кіріспе
Еліміздің дүниежүзілік экономикаға белсенді кірігуі, еліміздің егемен кредиттік рейтингінің жақсаруы, шетел инвестицияларының ауқымды көлемін тарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта режимін ырықтандыру жөніндегі жоспарлары Қазақстан Республикасының орнықты дамуында сөзсіз шешуші рөл атқарады. Сонда да, экономиканың ашықтық дәрежесін арттыруға бағытталған қадамдар, сондай-ақ толыққанды ішкі қаржы нарығын қалыптастыру қажеттілігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық банкінің және Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органының республиканың экономикалық қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз ету жөнінде, сондай-ақ борыш құралдарының ішкі нарығын дамыту үшін жағдайлар жасау жөнінде бірқатар шаралар қабылдауына алып келеді. Біріншіден, бұл - қаржы секторы тұрақтылығының қажетті деңгейін қамтамасыз етуді және экономика салаларын дамытуды ескере отырып, несие капиталының сыртқы және ішкі нарықтарында қарыз алуды дұрыс жоспарлау мәселесі. Екіншіден, бұл - мемлекеттік сектордың борышын басқару тетіктерін жетілдіру және қажетті нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жеке сектордың сыртқы борышын реттеу мәселесі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|