|
«Банктердің пруденциалдық нормативтерді және активтер мен шартты (2007.30.03. берілген толықтыруларымен)
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 16 қаулысымен күші жойылды
«Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабына сәйкес (бұдан әрі - Заң) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді: 1. Екінші деңгейдегі банктер: 1) есепті жылдан кейінгі жылдың 1-мамырына дейінгі мерзімде осы қаулының 1, 2-қосымшасына тиісті аудиторлық ұйыммен расталған Заңның 19-бабының 4-тармағының талаптарына сәйкес банктің пруденциалдық нормативтерді және банк бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеу туралы мәліметтерді (провизияларын қалыптастыру) орындау жөніндегі есебін жарияласын; 2) Агенттікке есепті жылдан кейінгі жылдың 15-мамырына дейінгі мерзімде осы тармақтың 1) тармақшасын орындау туралы мәліметтерді ұсынсын. ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.30.03. № 91 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. Екінші деңгейдегі банктер: 1) 2007 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде 2006 жылға осы қаулының 1, 2 қосымшасына сәйкес, Заңның 19-бабының 4-тармағының талаптарына сәйкес келетін аудиторлық ұйыммен расталған банктің пруденциалдық нормативтерді орындағаны туралы есебін және банк бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді (провизияларды қалыптастыру) жіктеу туралы мәліметтерді жарияласын; 2) Агенттікке 2007 жылғы 15 шілдеге дейінгі мерзімде осы тармақтың 1) тармақшасын орындағаны туралы мәліметтерді ұсынсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|