|
|
|
2007 ж. 9 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 16-баптын редакциясы
16-бап. Ядролық қондырғылар мен орналастыру пункттерi алаңдарын таңдау және оларды салу кезiнде қауiпсiздiкке қойылатын негiзгi талаптар Ядролық қондырғылар мен орналастыру пункттерi алаңдарын таңдау және оларды салу атом энергиясын пайдалану саласындағы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормалар мен ережелер негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс. Ядролық қондырғы мен орналастыру пунктiн салу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Үкіметі: елдiң және оның жекелеген аймақтарының шаруашылық мiндеттерiн шешу үшiн оларға деген қажеттiлiктердi; аталған объектiлердi орналастыру үшiн атом энергиясын пайдалану саласындағы нормалар мен ережелерге сай келетiн қажеттi жағдайлардың болуын; таяу орналасқан азаматтық және әскери объектiлер тарапынан аталған объектiлер қауiпсiздiгiне қатер төнбеуiн; аталған объектiлердi орналастырудың аймақтың өнеркәсiптiк, ауыл шаруашылық, әлеуметтiк және мәдени-тұрмыстық дамуы үшiн ықтимал әлеуметтiк және экономикалық зардаптарын ескере отырып қабылдайды. Аталған объектiлердiң жобалық құжаттары мiндеттi түрде экологиялық, санитарлық және техникалық сараптамадан өтедi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |