|
ҚР Қаржы министрлігі 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен 2008 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 637 бұйрығымен бекітілген
Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация жасау ережесі
1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) сәйкес әзірленіп және резидент заңды тұлғалар мен Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың корпорациялық табыс салығын есептеу мен кірістерді мәлімдеуге арналған корпаративті табыс салығы бойынша Декларацияны құру тәртібін анықтап, табыс салығы бойынша декларацияны (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Бұл Декларация 2005 жылы өнімді бөлу бойынша келісім - шартқа отырған жерқойнауын пайдаланушылыр үшін толтырылады. 2. Декларация Декларацияның өзінен (170-нысан) және корпорациялық табыс салығы бойынша салық салумен байланысты объектілер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты ашуға оған қосымшалардан (170.01-тен 170.42 нысандар бойынша) тұрады. 3. Декларацияны жасау кезінде: 1) қағаз тасығышта - нысандар айналмалы немесе қауырсын қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, бас баспа әріптерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады. 4. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, тазартуға, былғауға жол берілмейді. 5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде нысанның тиісті торкөздері толтырылмайды. 6. Қосымшаларда көрсетілуге жататын деректер жоқ болсаған жағдайда аталған қосымшалар берілмейді. 7. Тиісті қосымша нысанда көрсеткіштерді ашуды талап ететін жолдарды толтыру кезінде аталған қосымша нысандар міндетті тәртіпте толтыруға жатады. 8. Қосымша нысандардың «Жалпы ақпарат» бөлімінде тиісті қосымшаның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті көрсеткіштері көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|