Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мен
ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің 2006.13.09. № 240 бұйрығымен қабылданды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мен Корея Республикасы Құрылыс және көлік министрлігі көлік саласында өзара ынтымақтастықты кеңейту мақсатында төмендегі жөнінде келісті:
Мақсаттар
Осы Өзара түсіністік туралы меморандумның (бұдан әрі - Меморандум) мақсаттары мыналар болып табылады: а) көлік саласындағы технологиялармен, тәжірибемен алмасу арқылы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту; және b) ішкі және халықаралық рыноктарда өзінің бәсекелестігін көтеру үшін Қазақстан және Корея көлік ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты дамыту.
Ынтымақтастық салалары
Тараптар ынтымақтастықты келесі салаларда іске асырады: а) көлік инфрақұрылымын дамыту; b) Тараптар бірлесіп белгілеген басқа да салалар.
Ынтымақтастық нысандары
Осы Меморандумның шеңберінде ынтымақтастықтың мынадай нысандары көзделеді: а) көлік саласында ақпаратпен алмасу; b) кадрларды даярлау, біліктілігін жоғарылату және алмасу; с) Тараптар елдерінің кез келгенінде немесе үшінші елдерде жобаларды жобалауға және іске асыруға бірлесіп қатысу (бірлескен кәсіпорындар құруды қоса); d) техникалық семинарларға, көрмелерге және экспозицияларға қатысуға жәрдемдесу; e) көлік саласында кадрлармен, жабдықпен және материалдық ресурстармен қамтамасыз етуге қатысты көмек көрсету; f) екі ел азаматтарына рынокқа кіру және басқа да мәселелерге қатысты қолдау көрсету; және g) ынтымақтастықтың екі Тарап өзара келіскен басқа да нысандары. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|