|
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қадағалау алқасының 2006 жылдың бірінші
2006 жылдың бірінші жартыжылдығының статистикалық мәліметтеріне сәйкес, Жоғарғы Соттың қадағалау алқасында 1 390 шағым мәні бойынша қаралды. Соның ішінде қылмыстық істерімен алдырылып қаралғаны 322 немесе 23,1% қадағалау шағымы. Алдын ала қараудың нәтижесінде 1 337 шағым бойынша (96,1%) қадағалау іс жүргізуін қозғаудан бас тарту туралы қаулылар шығарылды, 53 шағым (3,9%) бойынша қадағалау іс жүргізуі қозғалды. Алқа 65 адамға қатысты барлығы 64 қылмыстық істі қадағалау тәртібімен қарады. Соның ішінде, прокурордың наразылығы бойынша 18 қылмыстық іс және жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы 1 (бір) іс қаралды. Түскен наразылықтардың ішінен наразылық уәждері қанағаттандырылып қаралғаны 14 және қанағаттандырылмай қаралғаны 4 (төрт). Жоғарғы Соттың қадағалау алқасының судьяларымен 2006 жылдың 6 айы ішінде қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы 53 қаулы шығарылды. Солардың ішінде қаралып, қанағаттандырылғаны 41 шағым, қанағаттандырусыз қалдырылғаны 4 шағым, есепті кезеңнің аяғында 7 шағым қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы қаулысы бар қаралмаған істерді құрады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|