|
Ауруға шалдығуына байланысты сотталғандарды жазаны одан әрі өтеуден босату
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, сотталғандарды ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату туралы заңдарды соттардың қолдануының 2004, 2005 жылдардағы және 2006 жылдың бірінші жартыжылдығындағы тәжірибесі қорытылды. Осы санаттағы материалдарды қарау кезінде соттар Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу, Қылмыстық-атқару кодекстерінің талаптарын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату туралы» 2002 жылғы 11 сәуірдегі № 7 нормативтік қаулысын (бұдан әрі -нормативтік қаулы), Қазақстан Республикасы Бас прокурорымен, Жоғарғы Соттың Төрағасымен және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрімен келісіле отырып, Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 152 бұйрығымен бекітілген Сотталғандарды медициналық куәландырудың және ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынудың Нұсқауын (бұдан әрі - Нұсқау) және Сотталғандарды ауруына байланысты жазасын одан әрі өтеуден босатуға ұсыну үшiн негiз болып табылатын аурулардың тізбесін (бұдан әрі - Аурулар тізбесі) басшылыққа алуда. Облыстық соттар ұсынған ақпараттар мен соттар қаулыларының көшірмелерінен республика соттарының талданып отырған кезеңде жазаны одан әрі өтеуден босату туралы барлығы 481 материал қарағаны, солардың ішінде 428 немесе 89 % бойынша ұсынымдарды қанағаттандыру және ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату туралы шешім қабылданған, 52 немесе 10,8 % бойынша ұсынымды қанағаттандырудан бас тартылған және 1 материал бойынша бас бостандығынан айыру жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылғаны байқалды. Жылдар бойынша: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|