Дара кәсіпкер кәсіпкерлік қызметін уақытша тоқтатты және осы қызметін тоқтата тұру кезінде кәсіпорында жалданып жұмыс істеді. ЖЗҚ-на өз пайдасы үшін МЗЖ төлеу кезінде қызметкердің табысынан кәсіпорында ұсталған МЗЖ 201.04-нысан бойынша есепте көрсетіле ме? (ҚР Қаржы министрлігі Салық Комитеті , 2007 жыл)
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 22-1-бабының 1-тармағына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына төленуге тиісті міндетті зейнетақы жарналары қызметкердің осы баптың 3-тармағына сәйкес айқындалатын тәртіппен зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табысының он проценті мөлшерінде белгіленеді. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс ең төменгі айлық жалақының жетпіс бес еселенген мөлшерінен аспауға тиіс. Қызметкердің табыстары бойынша ЖЗҚ-на МЗЖ есептеу, ұстап қалу және аудару агентке - жұмыс берушілерге жүктелген, оларға Заңның 1-бабының 1-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаны қоса алғанда, жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері жатады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|