«Рейдерлікке» қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 23 ақпандағы № 33-ө Өкімі
1. «Рейдерлікке» қарсы іс-қимыл және инвестициялық ахуалды дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарының және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рейдерлікке қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - заң жобасы) жобаларын әзірлеу мақсатында мынадай құрамда Ведомствоаралық жұмыс тобы құрылсын:
Супрун Виктор Васильевич | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, жетекшi |
Ешімова Дана Ақылбекқызы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі заң басқармасының бастығы, жетекшінің орынбасары |
Тұрмағанбет Талғат Әділханұлы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің заң басқармасы нормативтік кесімдерді әзірлеу және сараптау бөлімінің жетекші маманы, хатшы |
Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы | - Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Құдайберген Алмас Шайықбекұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция комитетi төрағасының орынбасары |
Жүciпов Асқат Нұрғазыұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесі Қорғаныс және құқық бұзушылық бөлімінің бас сарапшысы |
Қасымова Әсия Салғарақызы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инновациялық дамыту департаменті директорының орынбасары |
Райымбеков Нұржан Евгениұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Ұйымдастыру жұмысы, жиынтық таңдау және бақылау департаменті директорының орынбасары |
Саду Асқар Әнетұлы | - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаменті директорының орынбасары |
Сералин Бауыржан Болатбекұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджет департаментi директорының орынбасары |
Савелов Сергей Робертович | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ұйымдар және көп жақты ынтымақтастық департаментi директорының орынбасары |
Шөжеева Әзиза Тимурқызы | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары |
Әбілқасымов Алмас Ерасылұлы | - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаменті құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы |
Ахметқалиев Серік Сағидолдаұлы | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Ақпараттандыру департаменті телекоммуникация және почта байланыс басқармасының бастығы |
Бекболат Рахат Сейсембайұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментi құқықтық сараптама басқармасының бастығы |
Беспалинов Тілеуғазы Айтқазыұлы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаменті өңірлік саясат басқармасының бастығы |
Қыпшақов Арғын Мықтыбайұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті салықтық әкімшілендіру басқармасының бастығы |
Ташметов Мейірлан Жаппарбекұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Бағалы қағаздар нарығы субъектілері мен жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаментi пруденциялық реттеу басқармасының бастығы |
Тұрсынов Арман Сағынбекұлы | - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік саясаты және халықаралық ынтымақтастық департаменті талдау және бағдарламалар басқармасының бастығы |
Ыбырайымова Бәтеш Құдысқызы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің үйлестіру басқармасы бастығының орынбасары |
Мәнкешов Шынтас Жалғасұлы | - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Заң департаментінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасы бастығының орынбасары |
Огай Александр Григорьевич | - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Мемлекеттік органдар қызметіндегi заңдылықты қадағалау департаментінің экономика саласындағы заңдылықты қадағалау басқармасы меншік және жеке кәсіпкерлікті қорғау жөніндегі заңдардың қолданылуын қадағалау бөлімінің бастығы |
Әшірова Айнұр Жақсылыққызы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама департаментi қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару заңнамасы басқармасының қылмыстық-атқару заңнамасы бөлімiбастығының міндетін атқарушы |
Әбдуәли Дарын Әбдуәлиұлы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Салық саясаты және болжамдар департаментінің салық және кеден саясаты басқармасы жанама салықтар мен басқа да түсімдерге салық салу саясаты бөлімінің бас маманы |
Дастанбаева Ақтоты Ордабекқызы | - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Құқықтық саясат және халықаралық ынтымақтастық департаментінің құқықтық саясат басқармасы заңнаманы құқықтық талдау және реформалау бөлімінің бас маманы |
Ергібаева Алмагүл Сәрсенқызы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Заң басқармасының аға консультанты |
Дворецкий Владимир Яковлевич | - «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы басқарма төрағасының орынбасары |
Жақыпов Нұржан Қуатбекұлы | - «Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» жауапкершілігі шектеулi серіктестігі заң жобалау жұмыстары бөлімінің аға ғылыми қызметкерi |
Захаров Алексей Николаевич | - Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау департаментінің директоры |
Қараибрагимов Раис Қазымұлы | - «Фермерлерге және кәсіпкерлерге жәрдемдесу қоры» шағын кредиттік ұйымдар қоғамдық қорының басқарушысы |
Макалкин Валентин Иванович | - «Қайталама металлургия өнеркәсіпшілерінің республикалық одағы» қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының орынбасары |
Радостовец Николай Владимирович | - «Taу-кен өндіруші және тау-кен-металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры |
Резван Василий Александрович | - «Алматы қаласы қоғамдық тамақтандыру және қызметтер көрсету саласы кәсіпорындарының комитеті» кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестігінің президентi |
Садықова Ажар Мағауияқызы | - «Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің талдау және құқықтық сараптау жөніндегі директоры |
Сайлаубаев Сейілжан Жиренұлы | - «Шығыс-Сүт» корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, «Қазақстан Сүт одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры |
Шарманов Ермек Қабдоллаұлы | - Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығының мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі директоры |
Шашкова Надежда Константиновна | - «Қазақстанның тауар өндірушілер және экспорттаушылар одағы» заңды тұлғалар республикалық бірлестігі Жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры |
Шестаков Геннадий Алексеевич | - Қазақстан кеден брокерлерінің қауымдастығы кеңесінің төрағасы |
2. Ведомствоаралық жұмыс тобына:
үш апта мерзімде «рейдерлікке» қарсы іс-қимыл және инвестициялық ахуалды дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын;
2007 жылғы 25 маусымға дейін заң жобасын әзірлесін.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен заң жобасын 2007 жылғы 25 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасының Yкіметіне қарауға енгізсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |