|
|
|
«Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен бірге жүретін Қазақстан Республикасының делегациясын Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 15 наурыздағы № 59-ө Өкімі
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) жұмыс сапарын өткізу мақсатында: 1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен бірге жүретін Қазақстан Республикасының делегациясы (бұдан әрі - делегация) 1-қосымшаға сәйкес құрамда 2007 жылғы 18 - 20 наурыз кезеңіне және 2-қосымшаға сәйкес құрамда 2007 жылғы 17 - 20 наурыз кезеңіне Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі: 1) делегация мүшелеріне белгіленген тәртіппен жол жүру құжаттарын ресімдесін; 2) 1-қосымшаға сәйкес құрамдағы делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Каир - Мәскеу - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға, сондай-ақ Нұртай Әбіқайұлы Әбіқаевты қоспағанда, 2-қосымшаға сәйкес құрамдағы делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана/Алматы - Мәскеу - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша; өкілдік шығыстарға 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 006 «Өкілдік шығындар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша 5000 (бес мың) АҚШ долларына баламалы сомада белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, арнайы ұшаққа қызмет көрсетуді және оның ұшу бағыты бойынша әуе кеңістігі арқылы кедергісіз ұшып өтуін қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін.
Премьер-Министрінің 2007 жылғы 15 наурыздағы № 59-ө өкіміне 1-қосымша
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) бірге жүретін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
Премьер-Министрінің 2007 жылғы 15 наурыздағы № 59-ө өкіміне 2-қосымша
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) бірге жүретін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |