Азаматтарды Астана қаласы «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарының шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 06-526қ Қаулысымен күші жойылды
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - Заң), «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысын орындау үшін, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды және жасы асқан азаматтарды, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырылушыларды алдын ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. 2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында, тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген, жасы асқан азаматтарды Астана қаласы «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарының шақыру учаскелеріне тіркеу өткізілсін, ол үшін Заңның 17-бабына сәйкес «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарының әкімдері тіркеу жөнінде комиссиялар құрсын және олардың жұмысын қамтамасыз етсін. 2. «Астана қаласының Денсаулық сақтау департаменті» мемлекеттік мекемесі: 1) медициналық комиссияларды қызметкерлермен қамтамасыз етсін; 2) медициналық комиссияларды тиісті мүлікпен, құрал-саймандармен және жабдықпен қамтамасыз етсін; 3) тексеру актісін жасай отырып, комиссия белгілеген мерзімде тіркеуге жататын азаматтарды емдеу мекемелерінде тексеруді және емдеуді ұйымдастырсын; 4) қаланың емдеу-алдын алу мекемелерінде флюорографиядан өтуді, қан, несіп анализдерін тапсыруды, электрокардиограммаға түсіруді, сондай-ақ тісін емдетуді қажет ететін азаматтардың ауыз қуыстарын емдеу жұмыстарын ұйымдастырсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|