|
|
|
«Тиімділігіне, қауіпсіздігіне және сапасына сараптама жүргізу үшін Қазақстан Республикасы аумағындағы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 701 Бұйрығымен күші жойылды
«Дәрілік заттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 13) тармақшасын орындау мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілген тиімділігіне, қауіпсіздігіне және сапасына сараптама жүргізу үшін Қазақстан Республикасы аумағындағы айналыста жүрген дәрілік заттарды алу ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті (Б.Ә.Машкеев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Ж.М.Мұхамеджанов) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 3 наурыздағы № 153 бұйрығымен бекітілген
Тиімділігіне, қауіпсіздігіне және сапасына сараптама жүргізу үшін Қазақстан Республикасы аумағындағы айналыста жүрген дәрілік заттарды алу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы дәрілік заттарды алу ережесі (бұдан әрі - Ереже) дәрілік заттардың сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында әзірленген. 2. Осы Ереже Қазақстан Республикасы аумағындағы дәрілік заттар айналымы саласының барлық субьектілеріне қатысты. 3. Дәрілік заттардың үлгілерін алу өндірілетін және сатылатын дәрілік заттардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
2. Дәрілік заттарды алу негіздемесі және тәртібі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |