Алматы қаласының әкімшілік шекарасындағы су нысандарындағы су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөнінде (2008.11.09. берілген өзгерістермен)
Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 2/377 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39, 116 баптарын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу Ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысын басшылыққа ала отырып, Алматы қаласы шегіндегі су нысандарының азаюын және ластануын болдырмау мақсатында, Алматы қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. 1 қосымшаға сәйкес, Алматы қаласы әкімшілік шекарасындағы жер үсті су нысандарындағы суды қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін. 2. 2 қосымшаға сәйкес, Алматы қаласы әкімшілік шекарасындағы су қорғау аймақтары мен белдеулері шегіндегі жер үсті су нысандарын шаруашылық мақсатында пайдалану режимі белгіленсін. 3. Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы департаменті (С.Қ.Баймағамбетов) 2007 жылы жер үсті су нысандарының белдеулері мен су қорғау аймақтары шекарасындағы жер мен нысандарға түгендеу жүргізсін. 4. 2007 жылғы 01 қарашаға дейін Алматы қаласының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті (С.А.Мәкежанов) су нысандарының азаюын және ластануын болдырмау жөнінде іс-шараларын жасасын, оны жүзеге асыру мерзімін көрсетсін. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.Ш. Мұқашевқа жүктелсін. Алматы қаласы әкімдігінің 2008.11.09. № 4/711 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен соң күшіне енеді.
2007 жылғы 11 наурыздағы № 2/341 қаулысына № 1 қосымша
Алматы қаласының су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекарасы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|