|
Маңғыстау облысына «Оралмандардың көші-қон квотасынан» тыс
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 ақпандағы № 164 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдарына және Маңғыстау облыстық мәслихатының «2007 жылға арналған бюджет туралы» 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 19/347 шешіміне (облыстық әділет басқармасында 2006 жылғы 28 желтоқсанда № 1962 тіркелген) сәйкес, облыс әкімияты қаулы етеді: 1. Маңғыстау облысына тұрақты тұруға 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап - өз еркімен «Оралмандардың көшіп келу квотасынан» тыс қоныстанған бірге тұратын 18 жасқа дейінгі төрт және одан да көп балалары бар оралман отбасыларына ағымдағы жылдың 50(елу) айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде бір жолғы көмекпен қамтамасыз етілсін. 2. Әлеуметтік көмек облыстық бюджеттен аудандар мен қалалардың 2007 жылға арналған бюджеттеріне Маңғыстау облысына «квотадан» тыс көшіп келіп жатқан оралмандарға бір жолғы көмек ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен жүргізіледі. 3. Бір жолғы көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган- аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі- уәкілетті орган) болып табылады. 4. Бір жолғы көмек төлеу Агенттік келісім бойынша алушылардың тізімі негізінде екінші деңгейдегі Банктер мен Қазпошта филиалдары арқылы жүргізілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|