|
Маңғыстау облысының жалпы білім беретін мектептерінің және бастауыш кәсіптік білім, орта кәсіптік білім ұйымдарының түлектеріне Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы (2007.30.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Маңғыстау облыстық әкімдігінің 2007.30.01. № 3қаулысымен тақырыб жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес және халықтың әлеуметтік осал топтарының жалпы білім беретін мектептердің түлектеріне әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, ауылдық елді мекендерге білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласына кадрларды дайындау үшін облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Маңғыстау облыстық әкімдігінің 2007.30.01. № 3қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептерінің және бастауыш кәсіптік білім, орта кәсіптік білім ұйымдарының түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі облыстық комиссия (бұдан әрі-Комиссия) 1- қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын және облыстық мәслихат сессиясына бекітуге енгізілсін. 2. Комиссия жөніндегі Ереже бекітілсін (2-қосымша). Маңғыстау облыстық әкімдігінің 2007.30.01. № 3қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Маңғыстау облысының жалпы білім беретін мектептерінің және бастауыш кәсіптік білім, орта кәсіптік білім ұйымдарының, түлектерінің ішінен осы облыста тіркелген және тұрақты тұратын тұлдыр жетім, бала жасынан мүгедек, көп балалы отбасы балаларына, балалар үйлерінің түлектерінеҚазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарындағы оқуына төлеу үшін әлеуметтік көмек Комиссия шешімімен тағайындалады. Әлеуметтік көмек - оқу ақысы мен тұру, тамақтану, тұрғылықты жеріне жету жол ақысынан құралады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|