Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 маусымдағы № 136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 Қаулысымен күші жойылды
Екінші деңгейдегі банктердің қызметтерін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Агенттік Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 маусымдағы № 136 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4301 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесінде: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы Ереженің 5, 6, 14-16-қосымшасында көрсетілген есептер қағаз және электронды тасымалдағышта ұсынылады, осы Ереженің 17-20-қосымшасында көрсетілген есептер электронды тасымалдағышта ұсынылады, осы Ереженің 1-4, 7-13, 21, 22-қосымшасында көрсетілген есептер қағаз тасымалдағышта ай сайын есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінде Астана уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей ұсынылады. Осы Ереженің 20-қосымшасына сәйкес көрсетілген есеп қағаз тасымалдағышта растауынсыз электронды тасымалдағышта сондай-ақ келесі есептің аптаның үшінші жұмыс күнінде апта сайын ұсынылады. Осы Ереженің 23-қосымшасына сәйкес көрсетілген есеп қағаз тасымалдағышта растауынсыз электронды тасымалдағышта Астана қаласы уақытымен 18.00 кешіктірмей есепті күннен кейінгі аптаның жетінші жұмыс күнінде ұсынылады.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|