|
Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры жерлерінде орманды молықтыру, күзету және қорғау жөніндегі шаралар туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 маусымдағы № А-5/250 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры жерлерінде орманды молықтыру, орман өсіру, орманды күзету және қорғау жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы барысы туралы» ақпарат назарға алынсын. 2. Мемлекеттік орман қоры жерлерінде орманды молықтыру, күзету және қорғау жөніндегі 2007 жылға арналған, қосымша беріліп отырған іс-шаралар жоспары бекітілсін. 3. Ақмола облысының табиғи ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті: 1) Ақмола облысының ішкі істер департаментімен бірлесе отырып (келісім бойынша) орманның сақталуын бақылауды күшейтсін; 2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақмола облыстық төтенше жағдайлар (келісімі бойынша) және Ақмола облыстық өртке қарсы қызмет департаменттерімен (келісім бойынша) бірлесе отырып орман саласы қызметкерлерін дала және орман өрттеріне қарсы күрес бойынша оқытуды жалғастырсын, сонымен қатар, осы мәселе бойынша жедел тактикалық жаттығуларды қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет департаменті (келісім бойынша): ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемелерінің өртке қарсы тұру жағдайларын, өрт сөндіру-химиялық станцияларының жабдықтандырылуын тұрақты тексерсін; орман, дала өрттері мен ауыл шаруашылығы қалдықтарын жағу бойынша бастапқы тергеуді сапалы өткізуді және материалдарды құқық қорғау органдарына беруді жүргізсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|