|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж, № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; 2007 жылғы 12 наурызда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 13 наурызда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 70-бапта: бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын: «1. Түзеу жұмыстарын, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау немесе бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген және сот тағайындаған жазаны толық өтеуді қажет етпейтін адамды сот құқық бұзбайтын мінез-құлқы, еңбекке (оқуға) адал қарағаны, көркемөнерпаздар ұйымдарының жұмысына және тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысқаны, қылмысымен келтірген залалын өтеу жөнінде шаралар қолданғаны үшін сот тағайындаған жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатуы мүмкін. Бұл орайда ол адам қосымша жаза түрін өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мүмкін. 2. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарға жазасының өтелмеген қалған бөлігі ішінде тізбесі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 178-2-бабында белгіленетін міндеттер жүктеледі.»; үшінші бөліктің в) тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «в) аса ауыр қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен екісін өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін.»; алтыншы бөліктегі «оған» деген сөз алып тасталып, «мамандандырылған уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздер «ішкі істер органдары» деген сөздермен ауыстырылсын; жетінші бөліктің а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «a) бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасап, ол үшін оған әкімшілік жаза қолданылса немесе өзіне Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 178-2-бабымен жүктелген және сот жүктеген міндеттерді орындаудан әдейі жалтарса, шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану кезінде сот осы баптың алтыншы бөлігінде аталған органдардың ұсынуы бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою және жазаның өтелмеген бөлігін орындау туралы қаулы ете алады;»; сегізінші бөлік «ауыстырылған» деген сөзден кейін «, жазасын өтеу кезеңінде қасақана қылмыс жасаған, сондай-ақ бұрын шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 72-баптың бірінші бөлігіндегі «бip жылға дейінгі немесе бала он төрт жасқа толғанға дейінгі» деген сөздер «бес жылға дейінгі мерзімге, бірақ бала он төрт жастан аспайтын» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 360 және 361-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «360-бап. Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің талаптарына қасақана бағынбау 1. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамның қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына қасақана бағынбауы, - бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Бірнеше рет жасалған нақ сол әрекет, сол сияқты түзеу мекемесі немесе тергеу изоляторы әкімшілігінің заңды талаптарына топтасып бағынбауды ұйымдастыру, - үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 361-бап. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелердің қалыпты қызмет тәртібін бұзу 1. Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелердегі адамдар тобының осы мекемелердің қалыпты қызмет тәртібін тұрақсыздандыру не мекемелер қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі жасау мақсатында дене мүшелерін зақымдауы, - бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Мекеменің қызметкеріне не оның жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына қатысты оның жұмыстағы қызметін жүзеге асыруына байланысты, сондай-ақ сотталған адамның түзелуіне кедергі жасау немесе оның мекеменің әкімшілігіне жәрдемдескені үшін кек алу мақсатында оған қатысты күш қолданумен қорқыту - екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген адамдарға өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану - үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша не өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданып жасалған әрекеттер, - жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.». 2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат): 1) 152-бапта: тақырыбындағы «сезіктілер мен айыпталушыларды» деген сөздер «сезіктілерді, айыпталушылар мен сотталушыларды,» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші және екінші бөліктер «айыпталушыны», «прокурордың» деген сөздерден кейін тиісінше «, сотталушыны», «, судьяның» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 153-баптың тоғызыншы бөлігіндегі «немесе осы шешім туралы хабар» деген сөздер алып тасталсын; екінші бөлік «орындайтын органның ұсынуы бойынша» деген сөздерден кейін «бір айлық мерзімде» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 6-1-бөлікпен толықтырылсын: «6-1. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы мәселені қарау кезінде жәбірленушінің не оның өкілінің пікірі ескеріледі. Сот алда тұрған сот отырысы туралы жәбірленушіні не оның өкілін почта арқылы тапсырыс хатпен хабардар етеді. Жәбірленушінің не оның өкілінің сотқа жеке өздерінің қатысуы мүмкін болмаған жағдайда сотта жазбаша арыздар мен өтінішхаттар қаралуы мүмкін. Жәбірленуші не оның өкілі тиісінше хабардар етілген және оның тарапынан қандай да бір жазбаша арыздар мен өтінішхаттар болмаған жағдайда, сондай-ақ мемлекет мүдделеріне залал келтірілген жағдайда жәбірленушінің немесе мемлекеттің құқықтарын сақтау туралы мәселе бойынша міндетті түрде прокурордың қорытындысы талап етіледі.»; 4) 459-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «сай келмеуіне әкеп соғуы заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларды қарауға негіз болып табылады.» деген сөздер «сай келмеуіне;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: »5) үкімді орындау тәртібімен заңсыз немесе негізсіз қаулы шығаруға әкеп соғуы заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларды қарауға негіз болып табылады.». 3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 жылғы 27 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 10 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 10-баптың 10-тармағындағы «, бас бостандығын шектеуге» деген сөздер алып тасталсын; 2) 11-баптың 1-тармағындағы «, бас бостандығын шектеу» деген сөздер алып тасталсын; 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «4. Қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаларды сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша қылмыстық-атқару инспекциялары атқарады. 5. Қамау, бас бостандығынан айыру және өлім жазасы түріндегі жазаларды қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері атқарады.»; 6 және 8-тармақтар алып тасталсын; «Бас бостандығын шектеуге, қамауға алуға» деген сөздер «Қамауға алуға» деген сөздермен ауыстырылсын; «туберкулездің ашық түрімен» деген сөздер «туберкулезбен» деген сөзбен ауыстырылсын; «ВИЧ/СПИД жұқтырған» деген сөздер «ЖҚТБ-мен ауыратын» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 18-баптың 1-тармағындағы «сегіз» деген сөз «он төрт» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтағы «түзеу жұмыстары» деген сөздерден кейін «, бас бостандығын шектеу» деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақтағы «Бас бостандығын шектеу, қамау» деген сөздер «Қамау,» деген сөзбен ауыстырылсын; 3-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «жазаны өтеуден жалтарған сотталған адамдарға қатысты бастапқы іздестіру іс-шараларын жүргізеді және сотқа іздестіру жариялау туралы ұсыным енгізеді.»; мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Тұратын жері үш күннен астам уақыт ішінде анықталмаған сотталған адам жазаны өтеуден жалтарған деп танылады.»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Белгілі бір лауазымдарда болу құқығынан айыру туралы сот үкімінің талаптары мемлекеттік мекемелер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының әкімшіліктері үшін міндетті. Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы сот үкімінің талаптары сотталған адамның жұмыс орнындағы ұйымның әкімшілігі үшін міндетті.»; 2-тармақтың екінші абзацындағы «сотталушының еңбек кітапшасына оның қандай лауазымда болу құқығынан қандай негізде, қандай мерзімге айырылғаны немесе қызметтің қандай түрінен айырылғаны туралы жазба жазуға;» деген сөздер алып тасталсын; 8) 28-баптағы жұмыс орны, оның» деген сөздер «жұмыс орны және тұрғылықты жері мен олардың» деген сөздермен ауыстырылсын; 9) 30-баптың 3-тармағының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «жазаны өтеуден жалтарған сотталған адамдарға қатысты бастапқы іздестіру іс-шараларын жүргізеді және сотқа іздестіру жариялау туралы ұсыным енгізеді;»; 10) 36-баптың 3-тармағының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «жазаны өтеуден жалтарған сотталған адамдарға қатысты бастапқы іздестіру іс-шараларын жүргізеді және сотқа іздестіру жариялау туралы ұсыным енгізеді;»; 11) 41-бап мынадай редакцияда жазылсын: «41-бап. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеушi адамдарға қолданылатын көтермелеу шаралары Тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысатын және жәбірленушінің денсаулығына және мүлкіне келтірген залалды, мемлекетке келтірген материалдық залалды өтеу жөнінде шаралар қолданатын және сот тағайындаған жазаны толық өтеуді қажет етпейтін сотталған адамдарды сот осы Кодексте көзделген тәртіппен шартты түрде мерзімінен бұрын босатуы мүмкін.»; 1-тармақта: екінші абзацта: «режимдік» деген сөз алып тасталсын; «талаптарын» деген сөз «жазаны өтеудің тәртібі мен шарттарынан туындайтын талаптарды» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші абзацтағы «инспекциясы әкімшілігінің» деген сөздер «инспекциясының» деген сөзбен ауыстырылсын; бесінші абзацтағы «инспекциясының әкімшілігі» деген сөздер «инспекциясы» деген сөзбен ауыстырылсын; алтыншы абзацтағы «қылмыстық-атқару инспекциясы әкімшілігін» деген сөздер «қылмыстық-атқару инспекциясын» деген сөздермен ауыстырылсын; жетінші абзацтағы «белгіленген үлгідегі» деген сөздер алып тасталсын; 2-тармақтағы «инспекциясы әкімшілігінің» деген сөздер «инспекциясының» деген сөзбен ауыстырылсын; 13) 47-баптың 2-тармағындағы және 48-баптың 1-тармағындағы «қылмыстық-атқару инспекциясы әкімшілігінің», «Қылмыстық-атқару инспекциясының әкімшілігі» деген сөздер «қылмыстық-атқару инспекциясының», «Қылмыстық-атқару инспекциясы» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтың бірінші абзацындағы «Қылмыстық-атқару инспекциясының әкімшілігі» деген сөздер «Қылмыстық-атқару инспекциясы» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысатын және жәбірленушінің денсаулығына, мүлкіне келтірген залалды және мемлекетке келтірген материалдық залалды өтеу жөнінде шаралар қолданатын және сот тағайындаған жазаны толық өтеуді қажет етпейтін сотталған адамдарды сот осы Кодексте көзделген тәртіппен шартты түрде мерзімінен бұрын босата, сондай-ақ жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыруға ұсына алады.»; 1-тармақтың бірінші абзацындағы «Қылмыстық-атқару инспекциясының әкімшілігі» деген сөздер «Қылмыстық-атқару инспекциясы» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтағы «Қылмыстық-атқару инспекциясының әкімшілігі» деген сөздер «Қылмыстық-атқару инспекциясы» деген сөздермен ауыстырылсын; 16) 52-бап мынадай редакцияда жазылсын: «52-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтару және бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеудің тәртібі мен шарттарын бұзу 1. Кейін жасалған әрбір тәртіп бұзушылық алдыңғысына жаза тағайындалғаннан кейін жасалған жағдайда тұрғылықты жеріне, жұмыс немесе оқу орнына келудің белгіленген кестесін бұзу, өзіне сот жүктеген міндеттерді орындаудан жалтару, сондай-ақ сол үшін әкімшілік жаза қолданылған сотталған адамның қоғамдық тәртіпті бұзуы жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзушылық болып табылады. 2. Еңбек демалысынан немесе демалыс және мереке күндері демалыс өткізу орнынан дәлелсіз себептермен дер кезінде келмеу, қылмыстық-атқару инспекциясы қызметкерлерінің заңды талаптарын орындаудан бас тарту, сондай-ақ тұрғылықты жерінен, жұмыс немесе оқу орындарынан өз бетінше кетіп қалу бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтару болып табылады. 3. Тұрғылықты жерінен, жұмыс немесе оқу орындарынан өз бетінше кетіп қалған сотталған адамдарға қатысты қылмыстық-атқару инспекциясы бастапқы іздестіру іс-шараларын жүргізеді және сотқа іздеу жариялау туралы ұсыным енгізеді.»; 17) 53-баптың 1-тармағындағы «қылмыстық-атқару инспекциясының әкімшілігі» деген сөздер «қылмыстық-атқару инспекциясы» деген сөздермен ауыстырылсын; 18) 56-баптың 5-тармағы «алып қоюды» деген сөздерден кейін «өкілетті орган белгілейтін тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақтағы «жеті жылдан аспайтын мерзімге» деген сөздер алып тасталсын; 4-тармақтағы «абайсызда жасаған қылмысы үшін жеті жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар және» деген сөздер алып тасталсын; 2-тармақта: «өкпе туберкулезінің ашық түрімен» деген сөздер «туберкулезбен» деген сөзбен ауыстырылсын; «, СПИД-пен ауыратындар және ВИЧ жұқтырғандар» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын: «7. Сотталған адамды жазаны өтеу орнына жіберу немесе жазасын өтейтін бір орыннан екіншісіне ауыстыру кезінде оның жеке шотындағы ақшалары сотталған адам жіберілген не ауыстырылған мекемедегі оның жеке шотына аударылады.»; 2-тармақтың үшінші абзацында: «ал аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталған адамдар» деген сөздер «аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін жаза мерзімінің кемінде екіден бірін» деген сөздермен ауыстырылсын; «немесе бас бостандығын айыруды өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған» деген сөздер «, ал бас бостандығын айыруды өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтың төртінші абзацындағы «жалпы және қатаң» деген сөздер «жалпы, қатаң және айрықша» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың бірінші сөйлеміндегі «Бас бостандығынан айыруға» деген сөздер «Осы баптың 5-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, бас бостандығынан айыруға» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтағы «мәжбүрлеп» деген сөзден кейін «және міндетті» деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын: «Емдеу-профилактикалық мекемелерінде (ауруханаларда, арнайы психиатриялық және туберкулезді емдеу ауруханаларында) сотталған ер адамдар сот белгілеген режим түріне қарамастан бірге ұсталады. Туберкулезді емдеу ауруханаларында және емдеу құқығы бар түзеу мекемелерінде сотталған адамдарды бөлек ұстау медициналық айғақтамалармен айқындалады.»; «, 129» деген цифрлар алып тасталсын; мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын: «Тәрбиелеу колонияларында сотталған адамдарды бір жағдайдан екінші жағдайға ауыстыру осы кодекстің 128-бабына сәйкес жүргізіледі.»; 2-тармақтағы «Сотталғандардың» деген сөздер «Осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, сотталған адамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Жүкті әйелдердің, жанында балалары бар әйелдердің, сондай-ақ І және II топтағы мүгедектер мен емдеу түзеу мекемелерінде ұсталатын сотталған адамдардың тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды өздерінің жеке шоттарындағы қаражаттың есебінен шектеусіз сатып алуына болады.»; 5-тармақ алып тасталсын; 25) 84-баптың 3-тармағындағы «қысқа мерзімді немесе ұзақ кездесуді - телефон арқылы сөйлесумен,» деген сөздер алып тасталсын; 26) 86-баптың 2-тармағындағы «цензура» деген сөзден кейін «уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын; 27) 87-баптың 1-тармағының үшінші сөйлемі алып тасталсын; 28) 91-баптың 2-тармағындағы «ашық түрдегі», «және СПИД-пен ауырған, ВИЧ жұқтырған» деген сөздер алып тасталсын; 29) 93-баптың 3-тармағындағы «СПИД-пен ауыратындарға және ВИЧ жұқтырғандарға;», «ашық түрдегі» деген сөздер алып тасталсын; 3-тармақтағы «Өзіне қатыссыз себептер бойынша жалақы алмайтын сотталғандар» деген сөздер «Сотталған адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын; 4 және 6-тармақтар алып тасталсын; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға санитариялық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізу және медициналық көмек Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырылады және беріледі.»; 2-тармақта: «туберкулез ауруханалары» деген сөздер «туберкулезді емдеу ауруханалары» деген сөздермен ауыстырылсын; «медициналық бөлімдер» деген сөздерден кейін «, медициналық пункттер» деген сөздермен толықтырылсын; «туберкулездің ашық түрімен» деген сөздер «туберкулезбен» деген сөзбен ауыстырылсын; «мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын: «6. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жүрген шетелдік қайтыс болған жағдайда мекеменің әкімшілігі бас бостандығынан айыру орындарында заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорға, сондай-ақ қайтыс болған адам азаматы болып табылатын мемлекеттің елшілігіне немесе өзге өкілдігіне дереу жазбаша түрде хабарлайды.»; «тартылуы мүмкін» деген сөздер «тартылады» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын: «Аталған жұмыстардан бас тарту осы Кодекстің 111-бабында көзделген жазалау шараларын қолдануға әкеп соғады.»; 33) 103-бап мынадай редакцияда жазылсын: «103-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың кірісінен ұстап қалу Сотталған адамдардың жалақысынан, зейнетақысынан, жәрдемақысынан және өзге де кірістерінен атқару парақтары немесе басқа да атқару құжаттары бойынша сомаларды ұстап қалу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізіледі. Түзеу мекемелерінде сотталған адамдардың жеке шотына ұстап қалғаннан кейін оларға есептелген жалақының, зейнетақының немесе өзге де кірістерінің кемінде елу проценті аударылады.»; 34) 107-баптың 1-тармағы «құрылады» деген сөздің алдынан «ерікті негізде» деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақта: алтыншы абзац алып тасталсын; сегізінші абзацтағы «мереке күндері» деген сөздер «жүкті әйелдерді, жанында балалары бар әйелдерді, сондай-ақ І және II топтағы мүгедектер мен емдеу түзеу мекемелерінде ұсталатын сотталған адамдарды қоспағанда, мереке күндері» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Құқық бұзбайтын мінез-құлқы, еңбекке (оқуға) адал қарағаны, көркемөнерпаздар ұйымдарының жұмысына және тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысқаны, жәбірленушінің денсаулығы мен мүлкіне, мемлекетке келтірген залалды өтеу жөнінде шаралар қолданғаны үшін, сот тағайындаған жазаны толық өтеуді қажет етпейтін сотталған адамдарды сот жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатуы, сондай-ақ жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыруға ұсынуы мүмкін.»; «алты» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Бұрын қолданылған жазаны мерзімінен бұрын алу жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылар деп танылған сотталған адамдарға қолданылмайды.»; 1-тармақта: «еңбектен» деген сөз «еңбекақы төленбейтін жұмыстан» деген сөздермен ауыстырылсын; «сот тағайындаған міндетті емделуден жалтару;» деген сөздерден кейін «емдеу-алдын алу мекемесінің ішкі тәртіп ережесін бұзу;» деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақтағы «Бір жыл» деген сөздер «Алты ай» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған бұзушылықтарды жасаған сотталушы өзіне осы Кодекстің 111-бабының 1-тармағында және 132-бабында көзделген сотталған адамдарды айып изоляторына, тәртіп изоляторына орналастыру не сотталған еркектерді камералық үлгідегі үй-жайларға немесе жалғыз адамдық камераларға көшіру, сотталған әйелдерді камералық үлгідегі үй-жайларға көшіру сияқты жазалау шаралары тағайындалған жағдайда жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушы деп танылады.»; 4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын: «Сотталған адамдарды айып изоляторына, тәртіп изоляторына орналастыру не камералық үлгідегі үй-жайға немесе жалғыз адамдық камераларға ауыстыру оларды айып, тәртіп изоляторында, камералық үлгідегі үй-жайда немесе жалғыз адамдық камерада ұстау мүмкіндігіне жасалған медициналық куәландырудан кейін жүргізіледі.»; 7-тармақтағы «саналады» деген сөз «саналады, ал жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушы деп танылған сотталған адам олай деп саналмайды» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын: «қажетті медициналық көмек алуға;»; 4-тармақ «мекемелеріне» деген сөзден кейін «, сондай-ақ денсаулық сақтау органдарының емдеу-профилактикалық мекемелеріне» деген сөздермен толықтырылсын; 40) 116-баптың 3-тармағындағы «үштен екісін», «алты» деген сөздер тиісінше «жартысын», «үш» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақта: бірінші абзац «жатақханаларда» деген сөзден кейін «немесе құлыпталатын үй-жайларда» деген сөздермен толықтырылсын; екінші абзацтағы «көрсеткіш мөлшерінде» деген сөздер «көрсеткішке дейінгі мөлшерде» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақта: бірінші абзац «жатақханаларда» деген сөзден кейін «немесе құлыпталатын үй-жайларда» деген сөздермен толықтырылсын; екінші абзацтағы «көрсеткіш мөлшерінде» деген сөздер «көрсеткішке дейінгі мөлшерде» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтағы «түзеу мекемесі орналасқан ауданның шегінде» деген сөздер «түзеу мекемесіне іргелес аумақтар шекаралары шегінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақта: бірінші абзац «жатақханаларда» деген сөзден кейін «немесе құлыпталатын үй-жайларда» деген сөздермен толықтырылсын; екінші абзацтағы «көрсеткіш мөлшерінде» деген сөздер «көрсеткішке дейінгі мөлшерде» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақта: бірінші абзац «жатақханаларда» деген сөзден кейін «немесе құлыпталатын үй-жайларда» деген сөздермен толықтырылсын; екінші абзацтағы «көрсеткіш мөлшерінде» деген сөздер «көрсеткішке дейінгі мөлшерде» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтағы «түзеу мекемесі орналасқан ауданның шегінде» деген сөздер «түзеу мекемесіне іргелес аумақтар шекаралары шегінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |