|
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-гендік мақсаттағы объектілерді анықтау,
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 631 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 78-бабын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-гендік мақсаттағы объектілерді анықтау, құру, аттестаттау және есепке алу ережесі бекітілсін. 2. Осы бұйрық ол бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2007 жылғы 25 қаңтардағы № 31 бұйрығымен Бекітілген
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді анықтау, құру, аттестациялау және есепке алу ережесі
1. Негізгі ережелер
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектілерді анықтау, құру, аттестациялау және есепке алу ережесі (бұдан әрі - Ереже) орман тұқым шаруашылығында пайдалану үшін орман өсімдіктерін кепілді түрде сақтау, олардың мұрагерлік қасиеттерін бағалау және неғұрлым перспективалы өкілдерін іріктеп алу жөніндегі іс-шараларды регламенттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 78-бабына сәйкес әзірленді. 2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) артықшылығы бар ағаштар клондарының мұрағаттары - артықшылығы бар ағаштардың генетикалық қорын сақтау және мұрагерлік қасиеттерін зерттеу мақсатында олардың вегетативтік ұрпағын пайдаланып алынатын екпелер; 2) географиялық дақылдар - жаңа жағдайларда сынау мақсатында бірнеше экотиптердің (климатиптердің) неғұрлым тән таралымдарының тұқымдық ұрпағы арнайы әдістемелер бойынша алатын тәжірибелік дақылдар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|