Павлодар облысы әкімдігінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі «Жергілікті деңгейде мүгедектерді әлеуметтік қолдау жөніндегі кейбір мәселелер туралы» № 110/3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 245/7 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес облыс әкімдігі қаулы етеді: Павлодар облысы әкімдігінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі «Жергілікті деңгейде мүгедектерді әлеуметтік қолдау жөніндегі кейбір мәселелер туралы» № 110/3 қаулысына (Павлодар облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 8 сәуірде № 2985 болып тіркелген, «Сарыарқа самалы» газетінің 2005 жылғы 26 мамырдағы № 57 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: осы қаулымен бекітілген Мүгедектерге санаторлық-курорттық емделу жөніндегі жеңілдіктер, әлеуметтік төлемдер беру тәртібі туралы Нұсқаулығында: 1-бөлім. «Жалпы қағидалар» жаңа редакцияда жазылсын: «Нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» заңдары негізінде әзірленді; 4-тармағының 1)-тармақшасындағы «Мемлекеттік жәрдемақылар мен басқаның көмегін қажет ететін жалғызілікті мүгедектерді күтуге арналған қосымша үстемеақылар» деген сөздер «Қажет етуші мүгедектерге арналған әлеуметтік көмектің қосымша түрлері» деген сөздермен ауыстырылсын. 4-тармақтың 2)-тармақшасындағы «85000» және «42000» деген сандар «89675» және «44310» деген сандармен ауыстырылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|