|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлері штат санының лимиттерінде: «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі» деген 8-бөлімнің 3-бағанында: «28237 әскери бөлімі, соның ішінде әскери қызметшілер: олардың ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер» деген жолдағы «630» деген сандар «541» деген сандармен ауыстырылсын; «52859 әскери бөлімі, соның ішінде әскери қызметшілер: олардың ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер» деген жолдағы «173» деген сандар» «143» деген сандармен ауыстырылсын; «68303 әскери бөлімі, соның ішінде әскери қызметшілер: олардың ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер» деген жолдағы «126» деген сандар «92» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |