|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) 6-тармақтың 10) тармақшасындағы «, инвестициялар» деген сөз алынып тасталсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «Акционерлік қоғамдар» деген бөлімде: реттік нөмірлері 1, 2, 3 және 8-жолдар алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-жолмен толықтырылсын: «14. «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы, Астана қаласы.»; 3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «Акционерлік қоғамдар» деген бөлімде: реттік нөмірі 10-жол алынып тасталсын; 4) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |