|
Еңбек міндеттерін атқару кезінде азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына Шолу
Еңбек міндеттерін атқару кезінде азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы азаматтық істер бойынша сот практикасын қорыту республика соттарының негізінен осы санаттағы істерді материалдық және іс жүргізу заңына сәйкес қарайтынын көрсетті
Жазатайым оқиғаның нәтижесінде қызметкерге келтірілген зиян үшін жұмыс берушінің жауапкершілігінің дәлелдемелері ретінде: өндірісте еңбек ету қабілетін жоғалтуға әкеліп соғуы- Н-1 нысандағы акт; ауыр салдарға немесе қазаға ұшырау кезінде-Арнайы акт; кәсіби ауру немесе улануға әкеліп соғуы - денсаулық сақтау орны берген Н-1 нысанды акт-танылады. Қызметкерге: жұмыс уақыты басталар немесе аяқталар кезде жұмыс орнын, өндіріс құралын, дербес қорғану затын және т.б. әзірлеу және ретке келтіру барысында; жұмыс уақыты бойында жұмыс орнында немесе іссапарда болған, не жұмыс беруші немесе жұмысты ұйымдастырушының тапсырмасымен еңбек немесе басқа да міндеттерді орындауға қатысты басқа жерде (оның ішінде іссапар кезінде) болған кезде; қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсер етуі нәтижесінде; қызмет көрсету объектілерінің арасында қатынаумен байланысты қызметкер жұмыс берушінің тапсырмасымен жұмыс уақытында жұмыс орнына бара жатқанда; жұмыс берушінің көлігінде болғанда; жеке көлігін қызметтік сапарларға пайдалануға жұмыс берушінің жазбаша келісімі болса, жеке көлігінде болғанда; жұмыс берушінің өкімімен өзінің немесе басқа кәсіпорынның аумағында болғанда, не жұмыс берушінің мүлкін қорғау үшін, не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамашылығымен басқа да әрекеттер жасағанда; жұмыс орнында немесе іссапар кезінде қызметкердің денесіне жарақат салынғанда, не ол еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде қасақана өлтірілген болса - салынған жарақаттар мен денсаулығына келтірілген өзгедей зақымдар өндірістік (кәсіби) деп ресімделуге жатады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|