Стенограмма заседания Мажилиса Парламента Республики Казахстан
Отырысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы МҰХАМЕДЖАНОВ О.Б. жүргізді.
ТӨРАҒА. Қайырлы таң, құрметті депутаттар! Тіркеуден өтулеріңізді сұраймын. Тиісті жиналым бар. 77 депутаттың 64-і қатысып отыр. Белгілі себептермен бүгінгі отырысқа қатыса алмай отырған депутаттар: Әубәкіров, Бобров, Итеғұлов, Қалқабаев, Оразалинов, Өтепбаев, Сыздықов, Таспихов. Қалғандары белгісіз себептермен жоқ. Мәжілістің кезекті жалпы отырысы ашық деп жарияланады. Бірінші мәселе - «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде. Бұл мәселе бойынша сөз Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы депутат Әбдірахмановқа беріледі. ӘБДІРАХМАНОВ С. Құрметті Ореке, осы үш мәселе бойынша бір баяндама жасасам деймін. ТӨРАҒА. Екінші мәселе - «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бельгия Корольдігінің Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде. Үшінші мәселе - «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде. Осы үш мәселе бойынша бір баяндама жасаймын деген ұсыныс білдіріп отыр. Қарсылық жоқ шығар. ӘБДІРАХМАНОВ С. Құрметті әріптестер, аталмыш заң жобалары біздің мемлекетімізге өте қажет. Дәстүрлі, негіздемелік мағынасы бар. Сондықтан үлкен баяндама жасатпай-ақ мені қолдасаңыздар, осы 20 маусымға дейін қорытындымызды әзірлеуге біздің комитет даяр. Соны қолдап жіберсеңіздер. Рақмет. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 150 тг
|