|
|
|
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарын атау мен қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мына: Алматы облысы Қаратал ауданы Көкпекті ауылының Первомайская орта мектебіне халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтің; Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласының № 15 жоғары сатылы жалпы орта білім беретін мектебіне белгілі педагог Сүлеймен Қарабалиннің есімдері берілсін. 2. Мынадай білім беру ұйымдары: Алматы облысы Еңбеқшіқазақ ауданы Қ. Бижанов ауылының Н.К.Крупская атындағы орта мектебі - ақын Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектеп; Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының Киров атындағы орта мектебі - Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова атындағы орта мектеп; Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Тескенсу ауылдық округінің Терешкова атындағы орта мектебі - Толқын орта мектебі; Алматы облысы Ескелді ауданы Ақтасты ауылының Белокаменка бастауыш мектебі - Ақтасты бастауыш мектебі; Алматы облысы Ескелді ауданы Қоржынбай ауылының Березовка бастауыш мектебі - Қоржынбай бастауыш мектебі болып қайта аталсын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |