|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы (2007.30.05. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелеріне арналған визалық талаптар туралы келісімнің жобасы мақұлдансын. ҚР Үкіметінің 2007.30.05. № 439 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевқа Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелеріне арналған визалық талаптар туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |