«Қостанай қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» мәслихаттың 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 320 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 1)-тармақшасына сәйкес және Қостанай қаласы әкімдігінің қаулысын қарап, Қостанай қалалық Мәслихаты ШЕШТІ: 1. «Қостанай қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» Мәслихаттың 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 320 шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-1-61, 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 2 «Қостанай» газеті) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Аталған шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2007 жылға арналған қалалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін: 1) Кірістер 10198043 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша: салық түсімдері 7283970 мың теңге; салықтық емес түсімдер 35122 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 1107192 мың теңге; трансферттердің түсімдері 1771759 мың теңге. 2) шығыстар 11133262 мың теңге; 3) операциялық сальдо 935219 мың теңге; 4) таза бюджеттік несиелеу 5544 мың теңге, оның ішінде бюджеттік несиелерді өтеу 5544 мың теңге; 5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 1000 мың теңге; 6) тапшылық - 930675 мың теңге; 7) тапшылықты қаржыландыру 930675 мың теңге». Аталған шешімнің 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «7. Қостанай қаласы әкімдігінің 2007 жылға арналған резерві 84568 мың теңге көлемінде белгіленсін, оның ішінде: шұғыл шығындарға арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органның резерві 84568 мың теңге көлемінде». 2. Аталған шешімге 2-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын (қоса беріліп отыр). 3. Осы шешім 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, Қалалық Мәслихат хатшысы КЕЛІСІЛДІ:
Мәслихаттың 2007 жылғы 18 қаңтардағы № 320 шешіміне 1 қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|