|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 91-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: 10-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: «3) 2007 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен 25000000000 (жиырма бес миллиард) теңгеден аспайтын сомаға алынған қарыз бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асырсын.». 2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |