«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 29 желтоқсандағы
Осы редакция 2007 ж. 20 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзілсiн: 1) "Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1422 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспарында: реттiк нөмiрi 27-жолда: 2-бағандағы "Кәсiпкерлiк туралы" деген сөздер "Жеке кәсiпкерлiк туралы" деген сөздермен ауыстырылсын; 6-бағандағы "маусым" деген сөз "тамыз" деген сөзбен ауыстырылсын; 7-бағандағы "Б.С.Смағұлов" деген сөздер "И.М.Кравченко" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 27-1-жолмен толықтырылсын:
"27-1 Қазақстан ИСМ сәуiр мамыр тамыз И.М.Кравченко Республикасының кейбір заңнамалық кесiмдерiне кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы "; 2) "Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру жөніндегі Жалпыұлттық iс-шаралар жоспарын орындаудың желiлiк кестесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 5 наурыздағы № 210 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру жөнiндегі жалпыұлттық жоспардың iс-шараларын орындаудың желiлiк кестесiнде: реттiк нөмiрi 3-жолдың 2 және 3-бағандарындағы "Кәсiпкерлiк туралы" деген сөздер "Жеке кәсiпкерлiк туралы" деген сөздермен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 3-жолдың 3-бағанындағы "маусым" деген сөз "тамыз" деген сөзбен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 4-жол 3-бағанының 4.1.4.-тармағындағы "маусым" деген сөз "тамыз" деген сөзбен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
|