|
|
|
ҚР Қаржы Министрілігінің Салық комитетінің 2009 жылғы 30 сәуірдегі № 148 бұйрығымен; ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2012 жылғы 30 қазандағы № 402 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мына ПИЛОТТЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕР бекітілді:
- Қазақстан Республикасының салық төлеушілерін тіркеу; - қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу; - жеке кәсіпкер ретінде тіркеу; - жеке кәсіпкердің арнаулы салық режимін қолдануына патент беру; Алматы қаласы бойынша салық комитеті Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түркісіб аудандары бойынша ағымдағы және мақсаты белгілеген көрсеткіштерінің сапасын бағалау деректері белгіленді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ Біздің мақсат - жоғары сапалы қызмет көрсету
ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу
Мемлекеттік қызмет көрсету ұсынудың пилоттық регламенті
2007 жыл
Біздің басты мақсат
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетулер ұсынудың сапасын үнемі арттыру салық қызметі органдарының жұмысындағы маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу кімге қажет?
· Қосылған құн салығы (ҚҚС) - тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өндiру және олардың айналысы процесiнде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бiр бөлiгiн бюджетке аударуды, сондай-ақ ҚР аумағындағы тауарлар импорты кезiндегi аударымды бiлдiредi. · ҚҚС дұрыс есептелуi мен уақтылы төленуiн бақылау ҚҚС төлеушілерді тіркеу және ҚҚС төлеушілерді есепке алудың деректер базасының жүйесiне (ҚҚС төлеушілердің бірыңғай тізілімі) салық төлеуші туралы мәліметтердi енгізу жолымен жүргізіледі. · ҚҚС төлеуші ретінде тіркеуден мынадай жеке тұлғалар міндетті түрде өтуі тиіс: - тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізу бойынша айналымы кез келген кезең (он екi айлық кезеңнен аспайтын) аяқталған күннен көрсетiлген кезеңнiң соңғы айына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң15 000 еселенгеншамасынан (АЕК) артқан заңды және жеке тұлғалар; Айлық есептік көрсеткіштің мөлшері (АЕК) «Әрбір есепті жылға арналған республикалық бюджетті бекіту туралы» ҚР Заңында бекітіледі. - қызметтің жеке түрлері (боулинг (кегельбан), картинг, бильярд және лотоны ұйымдастыру бойынша ақшасыз ұтыс ойын автоматтарының қызмет көрсетуi) үшін арнаулы салық режимін (АСР) қолданатын салық төлеушілер; - тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізу бойынша айналымына қарамай, салық төлеушінің тілегіне орай, заңды және жеке тұлғалар, резидент еместер. · ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу үшін мынадай заңды және жеке тұлғалар, резидент еместер жатады: жеке кәсiпкерлер; мемлекеттік мекемелердi қоспағанда, заңды тұлғалар; қызметiн Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер; ҚҚС дербес төлеушiлер ретiнде уәкiлеттi мемлекеттік органда танылған заңды тұлғалар құрылымдық бөлiмшелерi. · ҚР салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен тұлғалар ғана ҚҚС төлеуші ретінде тіркеле алады.
Сіз қай күннен бастап ҚҚС төлеуші болып табыласыз?
· ҚҚС бойынша есепке қою туралы өтiнiш берген айдан кейiнгi айдың алғашқы күнiнен бастап; · жеке кәсiпкерді он жұмыс күнiнен кешiктiрмей есепке қою туралы өтiнiш бергенде - жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап; · салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеу күнінен - он жұмыс күнiнен кешiктiрмей есепке қою туралы өтiнiш бергенде - жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн салық төлеуші ретінде; · заңды тұлғаны, филиалын, өкілдігін, резидент еместі мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап 10 жұмыс күн ішiнде ҚҚС бойынша есепке қою туралы өтiнiш бергенде. ҚҚС төлеушiні ҚҚС бойынша есептен шығару күні: · ҚҚС бойынша өзiн есептен шығару туралы өтiнiш берген кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң алғашқы күнiнен бастап; · салық органы ҚҚС бойынша есептен шығару туралы шешім шығарған күннен кейінгі күннен бастап, мынадайжағдайларда: - салық органы ҚҚС төлеуші болып табылатын және осындай өзгерістер туындаған күннен бастап тұрған (тұрғылықты) жерін өзгерткені туралы 20 жұмыс күні ішінде салық органын хабардар етпеген тұлғаны анықтаған жағдайда; - айналымға салынатын салыққа байланысты қызметті доғарғанда; - ҚҚС бойынша белгіленген мерзімнен кейiн алты ай кезең iшiнде салық есептiлiгiн бермегенде. · егер Сіз жеке кәсіпкер болсаңыз - қызметті тоқтату себебінен тіркеу есебінен шығару күнінен бастап. · егер Сіз заңды тұлға, филиал, өкілдік, резидент емес болсаңыз - ҚР Салық төлеушiлердің мемлекеттік тiзiлiмiнен алып тасталған күннен бастап. ҚҚС бойынша Куәлікті жою күні: · сот белгілеген қылмыстық қызмет салық төлеушіні сот жалған кәсіпорын деп таныған жағдайда. ҚҚС бойынша Куәліктің қолданысын тоқтата тұру күні: · қызметті тоқтата тұру күнінен кәсiпкерлік қызметті қайта бастау күніне дейін.
ҚҚС төлеушіні тіркеуден өткізу мерзімі мен орны
Жеке және заңды тұлғалар, резидент еместер үшін ҚҚС төлеушіні тіркеуден өткізу мерзімі · кез-келген салық кезеңі (он екі айдан аспайтын) аяқталғаннан күннен 15 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей, оның қорытындысы бойынша өткізу бойынша белгіленген айналымының ең төменіне қарамай - тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізу бойынша айналымының артуы анықталса; · Сіз үшін кез-келген ыңғайлы уақытта - салық төлеушінінің қалауы бойынша өтініш берген кезде.
ҚҚС бойынша есепке қою туралы Куәлікті ауыстыруға өтініш беру мерзімі- салық төлеушiнiң атауы өзгерген соң 10 жұмыс күнi ішінде ауыстырылуы тиіс.
ҚҚС төлеушіні тіркеуден өткізу орны: · жеке кәсіпкерлер үшін- қызметті жүзеге асыратын орны бойынша салық органдарының Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтары. · заңды тұлға, филиал, өкілдік, резидент еместер үшін - орналасқан орны бойынша салық органдарының Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтары. · арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғалар немесе олардың филиалдары мен өкілдіктері үшін - арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтары.
ҚҚС бойынша есепке қою, ҚҚС бойынша есептен шығару туралы өтiнiш беру тәртібі
ҚҚС төлеуші ретінде есепке қою · ҚҚС төлеуші ретінде тіркеуден өту үшін салық органдарының Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтарына 342.00-нысандағы ҚҚС бойынша есепке қою туралы өтiнiш беріледі. · Өтiнiштердің бланкілерін салық төлеушілер салық органдарындағы арнайы типография ұйымдарына сату үшін бөлінген орындарда ала алады. · Өтiнiшке салық төлеушілер қол қойып және салық төлеушінің мөрімен (ол бар болса) расталады.
· Куәліктің көшірмесіҚҚС бойынша есепке қою туралы Куәлік бүлінген не жоғалған кезде беріледі. Куәліктің көшірмесіКуәліктен айырмашылығы Куәлік көшірмесі сериясының төртінші мәнінде «1» саны көрсетіледі. · Куәлік бүлінген жағдайда Куәліктің көшірмесін алу үшін өтiнiшке бүлінген бланкіге қоса 352.00-нысандағы өтiнiш беріледі. Көшірмені беру мерзімі мен тәртібі ҚҚС бойынша есепке қою туралы Куәлікпен бірдей.
Заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері - ҚР резиденті үшін ҚҚС дербес төлеушi екендігін тану туралы рұқсатты алу · Заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін ҚҚС бойынша есепке қою туралы өтінішті бергенде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитетінің (бұдан әрі - Салық комитеті) Сізді ҚҚС дербес төлеушi ретінде тануы туралы рұқсаты болуы қажет. · ҚҚС төлеуші ретінде тіркелген және филиал, өкілдік құрған заңды тұлғалар рұқсат алуы үшін Салық комитетіне еркін нысанда құрылымдық бөлiмшесiн ҚҚС дербес төлеушi ретінде тануы туралы өтініш береді. Шет ел заңды тұлғаларының филиал, өкілдіктері, немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарындағы объектілерді құру бойынша жұмыс істейтіндерге құқсаттың қажеті жоқ. ҚҚС бойынша Куәліктің қолданысын тоқтата тұру. · Қызметті уақытша тоқтата тұру үшін тіркеу орны бойынша салық органына ҚР қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 666 бұйрығында белгіленген нысан бойынша қызметті уақытша тоқтата тұру туралы өтініш беріледі. · Өтінішпен қоса салық кезеңінің басынан бастап қызмет тоқтатылатын кезеңге дейін жасалған салық есептілігін табыс ету қажет. · Қызметті уақытша тоқтата тұру туралы өтінішті: - шаруа (фермер) қожалықтарына және қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлер; - жеке нотариустар; - адвокатар бере алады. · ҚҚС бойынша Куәліктің қолданысын тоқтата тұру кезеңін 12 айлық кез-келген кезеңнен аспайтын мерзімге салық төлеуші берген Қызметті уақытша тоқтата тұру туралы өтінішке сәйкес берілді.. ҚҚС бойынша есептен шығару · ҚҚС бойынша есептен шығу үшін салық төлеуші Куәліктің түпнұсқасын (Куәліктің көшірмесін) қоса, 362.00-нысандағы ҚҚС бойынша есептен шығару туралы өтiнiш береді; · ҚҚС бойынша есептен шығару туралы өтiнiшті ҚҚС төлеуші, егер: Соңғы он екі ай кезеңі ішінде салық салынатын айналымының көлемі салық салынатын айналымының ең төменінен аспаса; 2 жылдан артық ҚҚС төлеуші ретінде тіркелген салық төлушілер үшін; - 6 айдан артық салық салынатын айналыммен байланысты қызметін тоқтатқанда. · Салық органы ҚҚС бойынша есептен шығару туралы өтiнiшсіз мынадай ҚҚС төлеушілерді жою (қызметін тоқтату) туралы әділет органдарының бұйрығын алғанда ҚҚС бойынша есептен шығарады: - Заңды тұлға; - Заңды тұлғалардың филиалы, өкілдігі; - ҚР қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес.
Қызмет көрсетулердің мерзімі
· ҚҚС бойынша есепке қойғаны туралы Куәлік салық органы өтінішті алған күннен 2 жұмыс күні ішінде беріледі.; · ҚҚС дербес төлеушi ретінде тануы туралы рұқсат (ҚР резиденті - заңды тұлғаларының филиалдары мен өкілдіктері) немесе жазбаша бас тарту жазбаша жүгінген күннен 30 күнтiзбелiк күн ішінде Сізге жауап жіберіледі.
Қай кезде салық органы ҚҚС төлеушi ретінде тіркеуге шешім шағарады, ҚҚС бойынша есептен шығарады немесе ҚҚС бойынша есепке қою туралы Куәліктің қолданысын тоқтатады · Салық органдары: 1) 348.00 нысандағы ҚҚС бойынша мәжбүрлеп есепке қою туралы шешім әкімшілік жауапкершілік шараларын қолданумен, егер салық бақылауы барысында салық органы тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткізу бойынша айналымының ең төменгі мөлшерінен асып кеткені айқындалғанда шығарылады. Шешімнің екінші данасы ҚҚС бойынша мәжбүрлеп есепке қою күнін көрсетумен салық төлеушіге жіберіледі. 2) 358.00 нысандағы ҚҚС бойынша есептен шығару туралы шешім: - егер ҚҚС төлеушi салық есептілігін, оны тапсыру белгіленгеннен кейін 6 ай ішінде тапсырмағанда, ондай ҚҚС төлеушiге хабардар етпей-ақ; - егер ҚҚС төлеушi тұрған (тұрғылықты) жерін өзгерткені туралы 20 жұмыс күні ішінде салық органын хабардар етпегенде. 3) сот 368.00 нысандағы жалған кәсіпорын деп таныған ҚҚС төлеушінің Куәілігін қылмыстық қызметтің басталған сәтінен жою туралы шешім шығарады.
ҚҚС төлеушілеріне көрсетілетін қосымша қызмет көрсетулер
Сапаның басты көрсеткіштері
Төменде Алматы қаласының Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түрксіб аудандары бойынша салық қызметі органдары қол жеткізген қызмет көрсетудің сапасы деңгейінің және оларды арттыру үшін қойылған мақсаттардың көрсеткіштері келтірілген.
Бізге, Сізге қызмет көрсетудің сапасы ұнады ма хабарлаңыз
Бізге, Сізге қызмет көрсетудің сапасы ұнады ма хабарлаңыз
· Егер Сізге Салық органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарындағы қызмет көрсетудің сапасы ұнамаса, Сіз мынадай жолмен салық қызметі органдары қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана аласыз не қызмет көрсету жағадайларын және сапасын жақсарту бойынша ұсыныс бере аласыз: - Аудандық салық комитеттердің төрағаларына тікелей
- Қабылдау орталықтарындаға қызмет көрсетудің сапасы бойынша салық төлеушілердің көзқарасы сауланамасын арнайы бланкін толтыру; толтырылған бланкті шағымдар мен ұсыныстарға арналған арнайы жәшікке тастау қажет. - «Сенім» телефонына жүгіну
- call-e-tax@mgd.kz мекен-жайы бойынша электрондық шағым кітабына жүгіну.
Егер қабылданған шаралар Сізді қанағаттандырмаса немесе мәселе жоғары тұрған инстанцияда қарауды талап етсе, Сіз шағымды Алматы қ, Абылайхан даңғ. 93/95 мекен-жайы бойынша Алматы қаласыны бойынша Салық комитетіне жазбаша жібере аласыз. Сіздің шағымыңыз міндетті түрде қаралады және ол бойынша шешім ол келіп түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күнінің ішінде қабылданады. Сізідің жүгінісіңізді қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, Сізге бұл туралы жазбаша хабарланады. Егер Сіз Алматы қаласыны бойынша Салық комитетінің жауабына қанағаттанбасаңыз, Сіз өзіңіздің хатыңызды Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, мекен-жайы бойынша ҚР Қаржы министірлігінің Салық комитетіне жібере аласыз. Сіздің жүгінісіңізді қарау мерзімі Алматы қаласыны бойынша Салық комитеті үшін белгіленгенмен бірдей.
· Сонымен қатар Сіз келесі телефондар бойынша қабылдау бөлмесіне қоңырау шалып аудандық Салық комитеті Төрағасының орынбасарына қабылдауға жазыла аласыз
Байланыс ақпараты
Біздің мекен-жайлар мен телефондар
Егер Сізге қосымша ақпарат қажет болса · ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің сайтында www.nalog.kz мекен-жайы бойынша Сіз қолданыстағы заңнамалық, нормативтік, құқықтық актілер туралы ақпарат ала ала аласыз, салық органдарының жұмысына түсініктемелер мен ұсыныстар қалдыра аласыз.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |