Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық одан әрі дамуы жөнінде ұсыныстар әзірлеу
үшін жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 10 мамырдағы № 118-ө Өкімі
Индустриялық-инновациялық саясатты одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі, жетекші |
Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі, жетекшінің орынбасары |
Текінов Ержан Бірлікұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Индустриялық-инновациялық саясат департаменті индустриялық-инновациялық даму стратегиясын нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, хатшы |
Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
Ақшолақов Болат Оралұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі |
Бектұров Азат Ғаббасұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі |
Ерғожин Дәулет Еділұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Супрун Виктор Васильевич | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
Сәрсенбаев Зейнолла Сәкенұлы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі |
Хамзин Рүстем Назымбекұлы | - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары |
Әйкенов Марат Оршанұлы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы |
Манасова Аяна Тоқтағанқызы | - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары |
Ауғалиева Мейрамгүл Алтынханқызы | - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің бас сарапшысы |
Бектұрғанов Нұралы Сұлтанұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым Комитеті «Жер туралы ғылым, металлургия және кен байыту орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры |
Мұқанов Мақсат Нұрдәулетұлы | - «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының басқарушы директоры - басқарма мүшесі |
Раманқұлов Ерлан Мірхайдарұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры |
Сүлейменов Ербол Зинаддинүлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры |
Байзақов Сайлау Байзақұлы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары |
Сембин Асқар Болатұлы | - «Қазақстан Даму банкі» акционерлік қоғамының президенті |
Раев Нұрбек Тұрарбекович | - «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |
Кәкімжанов Зейнолла Халидоллаұлы | - «Қазақстан инвестициялық қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |
Әмірхожаев Ғалым Ташмұханбетұлы | - «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |
Әмірин Ғосман Кәрімұлы | - «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |
Арынов Ерлан Асатайұлы | - «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |
Евниев Арман Қайратұлы | - «Қазақстан фермерлері одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті |
Нәдіров Кәрім Нәдірұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының бірінші вице-президенті |
Әлиев Орақ Жолмырзаұлы | - Қазақстанның кәсіптік білім беру ұйымдары қауымдастығының вице-президенті, «Тұран-Астана» университетінің ректоры |
Сейітов Әрсен Жахангерұлы | - Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті |
Амандықов Қайрат Яхудаұлы | - Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары |
Вокурка Ульф | - «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары |
Мұратәлиев Біржан Раушанұлы | - «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы төрағасының орынбасары |
2. Жұмыс тобы 2007 жылғы 20 маусымға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық одан әрі дамуы жөнінде ұсыныстар әзірлесін және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі А.Е. Мусинге жүктелсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |