|
Ақылы қоғамдық жұмыстарын ұйымдастыру туралы (2007.26.04. берілген өзгерістерімен)
Қостанай облысы Қостанай қаласы 2008 жылғы 3 қаңтардағы № 3 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7, 20-баптарының, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31- бабының негізінде, Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі қаулы етеді: 1. Кәсіпорындардың қажеттілігіне сәйкес қоса беріліп отырған ұйымдардың тізбелері, жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері және көлемдері бекітілсін. 2. «Қостанай қаласы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Рубинский В.И.) жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жібергенде осы қаулыны басшылыққа алсын. 3. «Қостанай қаласы әкімиятының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Кураева Л.С.) 451-002-100 «Қоғамдық жұмыстар» бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыруды жүзеге асырсын. 4. Қостанай қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 1670 «Ақылы қоғамдық жұмыстарын ұйымдастыру туралы» (тіркеу нөмірі 9-1-37, 2006 жылғы 10 наурыздағы «Қостанай» газеті, Қостанай қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 28 маусымдағы № 1285 «2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 1670 «Ақылы қоғамдық жұмыстарын ұйымдастыру туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы», тіркеу нөмірі 9-1-54, қаулысымен толықтыру енгізілген) қаулысының күші жойылды деп есептелсін. 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Х. Ержановқа жүктелсін. 6. Осы қаулы 2007 жылдың 01 ақпанынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|