Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қарашадағы № 1038 қаулысымен Мақұлданған
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 11 қарашадағы № 1038 Қаулысымен күші жойылды
Жоба Жалған дәрілік заттар айналымына қарсы күрестегі
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің атынан үкіметтері халықты тиімді, қауіпсіз және сапалы дәрілік заттармен қажетті көлемде және түр-түрде қамтамасыз етуге ерекше мән бере отырып, жалған дәрілік заттар айналымы Тараптар халқының денсаулығы мен әл-ауқатына елеулі қатер төндіретінін ұғына отырып, Тараптарда жалған дәрілік заттар айналымының, оның ішінде экспорты мен импорты анықталуының алдын алу мен анықтауға кезек күттірмейтін шаралар қабылдау қажеттілігін ескере отырып, Тараптарда дәрілік заттар айналымын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдірудің орындылығын сезіне отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жалған дәрілік заттарға қарсы күрес жөніндегі ұсынымдарына сүйене отырып, өздерінің ұлттық заңнамалары мен халықаралық міндеттемелерін басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімнің мәні Тараптардың жалған дәрілік заттар айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастығы болып табылады.
Тараптар ұлттық заңнамаларына және осы Келісімге сәйкес жалған дәрілік заттар айналымына, оның ішінде олардың экспорты мен импортына қарсы күресте мынадай бағыттар бойынша іс-шараларды жүзеге асырады: халықаралық стандарттарға, оның ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес дәрілік заттар айналымын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді үйлестіру; ақпараттық іс-қимыл, оның ішінде жалған дәрілік заттардың анықталуы мен таралуының барлық жағдайлары, дәрілік заттарды қорғау тәсілдері және дәрілік заттардың түпнұсқалығын растау әдістемелері туралы хабардар ету; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|