|
Жоба Қазақстан РеспубликасыныңПрезидентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасының әдебиет, өнер және сәулет саласындағы мемлекеттік сыйлығы туралы
ҚР Үкіметінің 2007.01.06 № 445 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді
Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы жетістіктері үшін мемлекеттік сыйлық беру жүйесін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасының әдебиет, өнер және сәулет саласындағы мемлекеттік сыйлығы (бұдан әрі - Мемлекеттік сыйлық) тағайындалсын. 2. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сыйлық туралы ереже бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде осы Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын. 4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 5. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2007 жылғы №
Президентінің 2007 жылғы «___»________ №_____ Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының әдебиет, өнер және сәулет саласындағы мемлекеттік сыйлығы туралы ереже
1. Қазақстан Республикасының әдебиет, өнер және сәулет саласындағы мемлекеттік сыйлығы (бұдан әрі - Мемлекеттік сыйлық) отандық мәдениетті дамытуға қосқан бағалы үлес деп танылған әдебиет, өнер және сәулет саласындағы үздік жұмыстар үшін мемлекеттік ынталандыру нысаны болып табылады. 2. Мемлекеттік сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті 2008 жылдан бастап екі жылда бір рет Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне үш номинация мөлшерінде береді. Мемлекеттік сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті салтанатты жағдайда табыс етеді. 3. Қазақстан Республикасының әдебиет, өнер және сәулет саласындағы мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) туралы ережені және оның құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Комиссия қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|