|
|
|
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы
1-бап. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №12, 192-құжат; 1998 ж., №7-8, 71-құжат; №22, 290-құжат; 1999 ж., №10, 340-құжат; №15, 593-құжат; 2004 ж., №7, 45-құжат; 2005 ж., №7-8, 17-құжат; 2006 ж., №23, 138-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) Конституциялық заңның бүкіл мәтіні бойынша, 14-тарауды қоспағанда, »жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің», »жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін», »жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше», »жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне», »жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне», »жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне», »жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін», »жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері», »жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне», »жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшесінің», »жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшесін», »жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшесі» деген сөздер тиісінше «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшесінің», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшесін», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшесі» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 5-баптың 1-тармағындағы «Парламенті Мәжілісінің» деген сөздер «партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламенті Мәжілісінің депутаттары» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Президентті, Парламент Сенаты депутаттарын, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау кезінде дауыс санаудың мынадай жүйесі қолданылады:»; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Саяси партиялардан Парламент Мәжілісінің депутаттары біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдермен сайланады.»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Орталық сайлау комиссиясы комиссияның Төрағасынан және алты мүшесінен тұрады.»; 3-тармақ алып тасталсын; 3) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: «6-1) дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәліктерін жасаудың және берудің тәртібін айқындайды;»; 15) тармақша «мәслихаттар мен» деген сөздерден кейін «өзге де» деген сөзбен толықтырылсын; 16) тармақшадағы «Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға сайланатын депутаттардың» деген сөздер «сайланатын мәслихаттар депутаттарының» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарын тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді;»; 7) тармақшадағы «жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін» деген сөздер «мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін» деген сөздермен ауыстырылсын; 11) тармақшада: «жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін» деген сөздер «мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін» деген сөздермен ауыстырылсын; «өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне» деген сөздер «мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) 15-баптың 1-тармағындағы «Парламент Мәжілісінің және» деген сөздер алып тасталсын; 2) және 5) тармақшалардағы тиісінше «Парламент Мәжілісі және», «Парламент, Мәжілісінің және» деген сөздер алып тасталсын; 10) тармақша алып тасталсын; 9) 19-баптың 3-тармағындағы «төрағасының орынбасары, хатшысы,» деген сөздер алып тасталсын; 10) 20 және 20-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «20-бап. Сайлау комиссияларының қызмeтін ұйымдастыру және олардың әрекеттеріне шағым жасау. Сайлау комиссияларының қызметіндегі жариялылық 1. Сайлау комиссияларының қызмeті алқалылық, жариялылық және ашықтық негізінде жүзeгe асырылады. 2. Алғашқы отырыстарды: 1) Орталық сайлау комиссиясының отырысын комиссияның төрағасы комиссия сайланғаннан кeйін oн төрт күннің ішіндe шақырады; 2) төмeнгі тұрған сайлау комиссияларының отырыстарын тиісті жоғары тұрған комиссиялардың төрағалары олар құрылғаннан кeйінгі жeті күн мерзімнен кeшіктірмeй шақырады. 3. Сайлау науқанын әзірлeу мeн өткізу кeзeңіндe комиссиялардың отырыстары кeміндe eкі аптада бір рeт өткізілeді. Өзгe уақытта комиссиялар өздeрінің отырыстарын қажeтіне қарай комиссия төрағасының немесе мүшелерінің кeміндe үштeн бірінің бастамашылығымeн өткізеді. 4. Егер сайлау комиссияларының отырыстарына комиссия мүшелері жалпы санының кeміндe үштeн eкісі қатысса, олар заңды бoлады. 5. Кoмиссиялардың шeшімдeрі, осы Конституциялық заңда бeлгілeнгeннен өзге жағдайларды қоспағанда, олардың мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымeн ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Сайлау комиссиясының оның шешімімен келіспейтін мүшелері ерекше пікірін айтуға құқылы, ол дереу жоғары тұрған сайлау комиссиясының назарына жеткізіледі және комиссия отырысының хаттамасына жазбаша нысанда тіркеледі. 6. Сайлау комиссиялары жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілерде орналастырылатын, ал осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда өзгедей жолмен жариялауға жататын өз шешімдерімен барлық адамдардың еркін танысуы үшін жағдай жасайды. Сайлау комиссияларының құрамында өкілі жоқ саяси партиялар сайлау науқанын даярлау және өткізу кезеңіне кеңесші дауыс құқығын бере отырып өз өкілін тиісті сайлау комиссиясына жіберуге құқылы. Саяси партияның кеңесші дауыс құқығы бар өкілі сайлау комиссиясының отырысында сөз сөйлеуге, сайлау комиссиясының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы, сайлау комиссиясының әрекетіне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым жасауға құқылы. 7. Сайлау комиссиясының отырыстарына кандидаттар, сенім білдірілген адамдар, байқаушылар, қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады. Депутаттыққа кандидаттар, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар өздеріне қатысты мәселелер қаралатын кезде тиісті сайлау комиссияларының отырыстары мен күн тәртібі туралы алдын ала хабардар етіледі. Сайлау комиссиясының үй-жайында сайлау процесіне қатысы жоқ бөгде адамдардың болуына тыйым салынады. 8. Дауыс беру күні дауыс беруге арналған сайлау учаскесі ашылған кезден бастап және сайлаушылардың дауыстарын санау кезінде дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін сайлау учаскесінде бір мезгілде әрбір кандидаттан сенім білдірілген бір-бір адамнан, қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде әрбір бұқаралық ақпарат құралынан бір-бір өкілден және Қазақстан Республикасының әрбір саяси партиясынан, өзге де қоғамдық бірлестігінен, басқа да коммерциялық емес ұйымдарынан бір-бір байқаушыдан және шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатысуға құқылы. 9. Егер осы Конституциялық заңда шағым жасаудың өзге мерзімдері белгіленбесе, сайлау комиссиясының шешімдеріне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шешім қабылданған немесе іс-әрекет (әрекетсіздік) жасалған күннен бастап он күннің ішінде жоғары тұрған сайлау комиссиясына және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкін. Көрсетілген мерзімдер өткеннен соң сайлау комиссиясының шешіміне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) берілген өтініш қарауға жатпайды. Өтініштер сайлау комиссиясы мен сотта бір мезгілде қаралған кезде сайлау комиссиясы сот шешімі күшіне енгенге дейін өтінішті қарауды тоқтата тұрады. Сот түскен өтініш туралы және оны қарау нәтижелері бойынша сот шешімінің заңды күшіне енгені жөнінде сайлау комиссиясын хабардар етеді. 10. Мeмлeкeттік органдар, ұйымдар, жeргілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ олардың лауазымды адамдары сайлау комиссияларына өздерінің өкілeттіктeрін жүзeгe асыруға көмeк көрсeтугe, оларға қажeтті мәлімeттeр мeн материалдар беругe, сайлау комиссияларының өтініштеріне — үш күн мерзім ішіндe, ал сайлау күні және оның қарсаңындағы күні дeрeу жауап қайтаруға міндeтті. 11. Аумақтық, oкругтік, учаскeлік сайлау комиссияларының мүшелері сайлауды әзірлeу мeн өткізу кeзeңіне өздерінің қалауымен комиссияның шeшімі бойынша сайлауды өткізуге бөлінген қаражаттың есебінен орташа жалақысы сақтала отырып, өндірістік немесе қызмeттік міндeттeрін орындаудан бoсатылуы мүмкін. Сайлау комиссияларының мемлекеттік қызметшілер болып табылатын мүшелерінің сайлауды әзірлеу мен өткізу кезеңіне өздерінің негізгі жұмыс орны бойынша орташа айлық жалақысы сақталады. Сайлау комиссиялары мүшелерінің, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер болып табылатын мүшелерінің үстеме жұмысына, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысына, түнгі уақыттағы еңбегіне ақы төлеу сайлау өткізугe бөлінгeн қаражаттың есебінен жүзеге асырылады. 12. Мыналар: 1) Парламент, мәслихаттар депутаттары, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері; 2) Президенттікке, Парламенттің, мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері, сондай-ақ кандидаттардың сенім білдірген адамдары; 3) мемлекеттік саяси қызметші лауазымындағы адамдар; 4) Қазақстан Республикасы соттарының судьялары сайлау комиссияларының мүшелері бола алмайды. Кандидаттардың жұбайы (зайыбы) мен жақын туыстары, сондай-ақ кандидаттарға тікелей бағынышты адамдар осы кандидат қатысатын сайлау округінде сайлауды тікелей ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ететін сайлау комиссияларының құрамында бола алмайды. Осы тармақтың екінші тармақшасында аталған адамдар тиісті кандидат тіркелген күннен бастап сайлау комиссиясының мүшесі міндетінен босатылады. 20-1-бап. Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары 1. Қазақстан Республикасының саяси партиялары, өзге де қоғамдық бірлестіктері, коммерциялық емес ұйымдары байқаушысының өкілеттіктері оның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіліп, жазбаша нысанда куәландырылуға тиіс. Бұл құжат байқаушыны жіберген ұйымның мөрімен расталады және ол байқаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды болады. Құжаттар сайлау комиссиясының төрағасына не оны алмастыратын адамға байқаушы туралы деректерді есепке алу журналына енгізу арқылы оны тіркеу үшін көрсетіледі. 2. Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары: 1) сайлау комиссиясының отырысына қатысуға; 2) дауыс беруге, соның ішінде үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны туралы ақпарат алуға; 3) дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау кезінде тиісті сайлау учаскесінің дауыс беруге арналған үй-жайында болуға; 4) тасымалданатын сайлау жәшігін бақылап жүруге, соның ішінде оларды тасымалдау кезінде көлік құралында болуға; 5) сайлау учаскесінде, дауыс беруге арналған пунктте дауыс беру барысын, дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін ресімдеу рәсімін барлық аталған рәсімдерді анық көру мүмкіндігін қамтамасыз ететін жағдайларда байқауға; 6) тиісті сайлау комиссиясының және (немесе) оның мүшелерінің шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағымдануға; 7) сайлаушылардың дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігі болмаған жағдайда олардың дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруін өткізу кезінде қатысуға; 8) учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің пайдаланылмаған сайлау бюллетеньдерін санауы және жоюы кезінде қатысуға; 9) дауыс беру барысына және оның қорытындыларын шығаруға кедергі жасамай, фотожазба, дыбысжазба және бейнежазба жасауға; 10) дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рәсімін байқауға; 11) дауыс беру өткізілгеннен кейін дауыс беру қорытындылары туралы сайлау комиссиясының хаттамаларымен танысуға, олардың куәландырылған көшірмелерін алуға; 12) сайлау комиссиясы мүшелерінің назарын осы Конституциялық заң талаптарының бұзылуына аударуға, оларға бұзушылықтар туралы тиісті жазбаша мәлімдемелерді, актілерді табыс етуге және табыс еткені туралы белгі соқтыруға құқылы. Сайлау комиссиясының төрағасы, оны алмастыратын адам сенім білдірілген адамдардың, байқаушылардың өтініштері бойынша дауыстарды санау хаттамасына олардың жасаған актілерін қоса беруге міндетті. 3. Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары: 1) олардың жеке басы мен өкілеттігін куәландыратын құжаттарын өздерімен алып жүруге; 2) сайлау процесіне, сайлау комиссиясының дауыстарды санау және шешімдерді қабылдау рәсіміне араласпауға; 3) сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасамауға; 4) сайлау учаскесінде сайлау комиссиясы төрағасының тиісті сайлау комиссиясы белгілеген тәртіп ережелерін сақтау жөніндегі талаптарын орындауға; 5) өз ескертулерін құжатталған, шынайы және тексеруге болатын фактілермен негіздеуге; 6) Қазақстан Республикасының осы Конституциялық заңының және өзге де заңнамасының талаптарын сақтауға; 7) алаламауға, нақты кандидатқа, саяси партияға артықшылық бермеуге міндетті. 4. Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда, тиісті сайлау комиссиясы байқаушыны тіркеудің күшін жоюға құқылы.»; 11) мынадай мазмұндағы 20-2-баппен толықтырылсын: «20-2-бап. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері 1. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға Қазақстан Республикасындағы сайлауды байқауға қатысуға шақыруды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, Сыртқы істер министрі жібере алады. Шақыру Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы жіберіледі. Шақыруда миссия саны мен құрамына, сондай-ақ миссияда гендерлік балансты, елдік өкілдікті қамтамасыз етуге қатысты тілектер қамтылуы мүмкін. 2. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Орталық сайлау комиссиясының жанында аккредиттеледі. Аккредиттеу үшін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне өз байқаушыларының, өкілдерінің тізімін ұсынады. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары болып табылмайтын жеке тұлғалар аккредиттеуге жатпайды. Қазақстан Республикасында саяси, экономикалық немесе басқа мүдделері бар не Қазақстан Республикасының, шет мемлекеттің заңнамасын немесе халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған нормаларын бұзғаны үшін олардың аккредиттелуі кері қайтарып алынған (күші жойылған) не сайлауды байқау тәжірибесі жоқ не аккредиттеуге өтінім бергенге дейінгі бес жыл ішінде қылмыстық іс, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе сайлау кезеңінде заңсыз қызмет жасауда кінәлі деп танылған адамдар ак-кредиттелмейді. 3. Шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу мерзімін Орталық сайлау комиссиясы белгілейді. 4. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың аккредиттелген байқаушыларына олардың сайлау науқанын өткізу кезеңіндегі қызметі үшін негіз болып табылатын, Орталық сайлау комиссиясы белгілеген үлгідегі куәлік беріледі. Аккредиттеуді жүргізу дауыс беру күнінен бес күн бұрын аяқталады. 5. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің өз мәртебесін Қазақстан Республикасындағы сайлауды байқауға қатысы жоқ қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға құқығы жоқ. 6. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің: 1) сайлау процесінің барлық кезеңдеріне қатысуға; 2) сайлау комиссияларында сайлау науқанының барысы туралы ақпарат алуға; 3) дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау кезінде сайлау учаскелеріне кіруге; 4) сайлау процесіне қатысушылармен кездесуге; 5) өздерінің байқағандары, анықталған заң бұзушылықтар туралы сайлау комиссияларының мүшелерін хабардар етуге, ұсынымдар енгізуге; 6) жария мәлімдемелер жасауға; 7) дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рәсімін байқауға құқығы бар. 7. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері: 1) жеке басын және аккредиттелгенін куәландыратын құжаттарын өздерімен бірге алып жүруге; 2) сайлау процесіне, сайлау комиссиясының дауыстарды санау және шешімдер қабылдау рәсіміне араласпауға; 3) сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасамауға; 4) сайлау учаскесінде сайлау комиссиясы төрағасының тиісті сайлау комиссиясы белгілеген тәртіп ережелерін сақтау жөніндегі талаптарын орындауға; 5) алаламауға, нақты кандидатқа, саяси партияға артықшылық бермеуге; 6) Қазақстан Республикасының осы Конституциялық заңының және өзге де заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті. 8. Осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда Орталық сайлау комиссиясы шет мемлекет, халықаралық ұйым байқаушысының аккредиттелуін кері қайтарып алуға құқылы. 9. Байқаушылар Қазақстан Республикасының заңнамасын немесе халықаралық құқықтың жалпыжұрт таныған нормаларын бұзған жағдайда, тиісті сайлау комиссиясы Орталық сайлау комиссиясына шет мемлекет, халықаралық ұйым байқаушысының аккредиттелуін кері қайтарып алу туралы ұсыныс енгізуге құқылы.»; 12) 21-баптың 1 және 4-тармақтарындағы «Парламент Мәжілісінің және» деген сөздер алып тасталсын; 13) 22-баптың 1-тармағындағы «тиісінше Орталық және» деген сөздер алып тасталсын; 14) 28-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын: «Сайлау комиссиясының үй-жайы мен дауыс беруге арналған үй-жайда партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы Орталық сайлау комиссиясы белгілеген мәліметтердің стандартты жиынтығынан тұратын бірыңғай форматтағы ақпарат орналастырылады.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Сенім білдірілген адамдар Қазақстан Республикасының саяси партиялары, өзге де қоғамдық бірлестіктері, коммерциялық емес ұйымдары байқаушыларының құқықтарын иеленеді, міндеттеріне ие болады және кандидаттың, партиялық тізімін ұсынған саяси партияның өздеріне жазбаша нысанда берген өкілеттігі шегінде әрекет етеді.»; 6-тармақта: «жағдайда» деген сөз «жағдайларда» деген сөзбен ауыстырылсын; «күші жойылған» деген сөздерден кейін «, осы Конституциялық заң бұзылған» деген сөздермен толықтырылсын; 16) 33-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «көлікке жұмсаған шығындары жабылады.» деген сөздер «көлікке;» деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: «5) сайлау комиссиясының үй-жайы мен дауыс беруге арналған үй-жайда орналастырылатын Президенттікке, Парламент Сенатының және мәслихаттардың депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидаттар туралы, сондай-ақ партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы ақпараттық плакаттарды дайындауға жұмсаған шығындары жабылады.»; 17) 34-баптың 4-тармағының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде — округтік сайлау комиссиялары бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.»; 2-тармақтың екінші бөлігіндегі «0,1 проценті» деген сөздер «1 проценті» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақ «жеткізіледі» деген сөздің алдынан «сайлау учаскесіндегі сайлаушылардың жалпы санының 1 проценті резервімен» деген сөздермен толықтырылсын; 19) 38-баптың 2 және 3-тармақтарындағы «жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің», «жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін» деген сөздер тиісінше «мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің», «мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтағы «Мәжілістің» деген сөз «партиялық тізім бойынша сайланатын Мәжілістің депутаттарын,» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақ «Сенат депутаттарын» деген сөздерден кейін «және Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын» деген сөздермен толықтырылсын; 21) 41-баптың 6-1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын: «Есептен шығару куәлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау округінде немесе басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға берілмейді. Есептен шығару куәліктерін беру дауыс беретін күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде тоқтатылады.»; 22) 42-баптың 3-тармағындағы «жергілікті өзін-өзі басқару органы мүшелерін» деген сөздер «мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелерін» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтағы «Парламент Мәжілісі» деген сөздер «партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттары» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақ «Парламент Сенаты депутаттарын» деген сөздерден кейін «және Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын» деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақтың 3) тармақшасындағы «жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін» деген сөздер «мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін» деген сөздермен ауыстырылсын; 7-1 тармақ «Сенат депутаттарының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарының» деген сөздермен және 9-тармақ «Сенат депутаттарын» деген сөздерден кейін «, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын» деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақтағы «жергілікті өзін-өзі басқару органдарының» деген сөздер «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) Президентті, Парламент депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткізілген күннен бастап он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;»; 3) тармақшадағы «жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін» деген сөздер «мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақта: бірінші бөлікте: «қайтадан сайлау өткізілетін округтердің саны» деген сөздер «қайта дауыс беру өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктер саны» деген сөздермен ауыстырылсын; «әрбір саяси партия үшін берілген дауыстар саны;» деген сөздерден кейін «Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар үшін берілген дауыстар саны;» деген сөздермен толықтырылсын; «сайланған Президент, Парламент Сенатының» деген сөздерден кейін «, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттары;» деген сөздермен толықтырылсын; екінші бөліктегі «Парламент Мәжілісінің депутаттығына,» деген сөздер алып тасталсын; 25) 51-баптағы «жеті» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын; тақырыбындағы «және тағайындау» деген сөздер алып тасталсын; 3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды.»; 27) 54-баптың 2-тармағының екінші сөйлеміндегі «кемінде он бес жыл» деген сөздер «соңғы он бес жыл» деген сөздермен ауыстырылсын; 28) 71-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы «Саяси партиялар» деген сөздерден кейін «, өзге де қоғамдық бірлестіктер» деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақтың 2) тармақшасы «Парламент» деген сөзден кейін «немесе Парламент Мәжілісі» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақ: «Парламент» деген сөзден кейін «немесе Парламент Мәжілісі» деген сөздермен толықтырылсын; «Парламенттің» деген сөзден кейін «немесе Парламент Мәжілісінің» деген сөздермен толықтырылсын;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |