|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 Қаулысымен күші жойылды
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Карантиндік объектілер және ерекше қауіпті зиянды организмдер тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 440-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген қарсы күрес жүргізу ісі республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантиндік объектілер тізбесінде: «Қазақстан Республикасының аумағында жоқ карантиндік маңызы бар, өсімдіктер зиянкестері, ауруларын қоздырғыштар және арамшөптер» деген бөлімдегі «А.Өсімдіктер зиянкестері» деген ішкі бөлімде: «Lymantria dispar L.(аsіаn rасе)» деген жол алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: «Dendroctonus micans (Кugelman) Dendrolimus sibiricus Tschetw Monochamus urussovi Fisch. Monochamus sutot L Monochamus galloprovincialis Oliv Monochamus saltuarius Gebl.»; «Қазақстан Республикасының аумағында таралуы шектелген карантиндік объектілер» деген бөлімде «А.Өсімдіктер зиянкестері» деген ішкі бөлім мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: «Lymantria dispra (аsіаn rасе) Myiopardalis pardalina». 2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |