Мемлекеттік сатып алу конкурстарының нәтижелерін даулау туралы істер бойынша сот тәжірибесіне
Мемлекеттік сатып алу туралы заңдар мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (үлестерінің) немесе акцияларының бақылау пакеті елу және одан да көбірек проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен аффилилендірілген заңды тұлғаларының олардың қарауындағы ақшаларды тиімді пайдалану мақсатында өнім берушілерден тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру процесінде пайда болатын қатынастарды реттейді. 2002 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңы (әрі қарай - Заң) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы №1158 қаулысымен бекітілген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілген қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу ережесі (әрі қарай - Ереже) тиісті саладағы негізгі нормативтік құқықтық акт болып табылады. Қорытудың көрсеткеніндей соттар негізінен мемлекеттік сатып алуға қатысты істерді материалдық және іс жүргізу құқығы нормаларына сәйкес дұрыс қараған. Соттар прокурордың, ықтимал өнім берушілердің, мемлекеттік сатып алу процесін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылатын Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің (әрі қарай - Комитет немесе өкілетті орган) және оның аумақтық бөлімшелері - облыстардағы және Астана, Алматы қалаларындағы Басқармаларының талап арыздары бойынша істерді қарады. Мемлекеттік сатып алу процесінің құқықтық реттеу қағидаларының бұзылуы конкурстық комиссияның конкурс жеңімпазын анықтау туралы шешімін заңсыз деп тану үшін негіз болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|