Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (2008.23.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Бағаны мемлекеттік реттеу жүйесін тәртіпке келтіруге және тиімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі реформалау мақсатында қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) ҚР Президентінің 2008.23.07 № 633 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігіне; Қазақстан Республикасы Үкіметінің телекоммуникациялардың әмбебап қызметтеріне тарифтер бекіту; Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің телекоммуникациялар және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар салаларын реттеу мен бақылау; Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің телекоммуникациялар және почта байланысы саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) арналған бағаларды реттеу жөніндегі функцияларын; 3) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне: Энергетика және минералдық ресурстар мен көлік және коммуникация министрліктерінің: осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес қызмет түрлерін лицензиялау; теміржол көлігі, электр және жылу энергетикасы, азаматтық авиция, порттар қызметі саласындағы кемсітусіз қол жеткізудің техникалық шарттарын айқындау; Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің теміржол көлігі саласында рұқсаттарды беру; Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің теміржол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай, мұнай өнімдері мен газ тасымалдау, азаматтық авиация, порттар қызметі саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) арналған бағаны реттеу жөніндегі функцияларын беруді қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|