|
Шығыс Қазақстан облысынының мемлекеттік коммуналдық меншік мүлкін пайдаланғаны үшін төленетін жалдық ақының базалық ставкаларын, қолданылатын коэффициенттер мөлшерлері мен есеп айырысу ставкаларын анықтау тәртібін бекіту туралы (2007.24.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 шілдедегі № 1095 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында мемлекеттiк мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасының 1.5.4-тармағына, «Мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi мемлекеттiк заңды тұлғаларға беру (бекiту), өтеусiз пайдалану, сенiмдi басқару, жалға беру мәселелерiн реттейтiн құқықтық актiлер туралы» Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің 2004 жылғы 26 сәуірдегі № 445 қаулысымен бекітілген Мемлекеттiк коммуналдық меншiк объектiлерiн (мүлiктерiн) мүлiктiк жалдауға (жалға) беру ережесінің 7-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік коммуналдық меншік мүлкін пайдаланғаны үшін жалдық ақының базалық ставкалары, қолданылатын коэффициенттер мөлшерлері мен есеп айырысу ставкаларын анықтау тәртібі бекітілсін. 2. Шығыс Қазақстан облысының қаржы департаменті (А.А. Курмангалиев) коммуналдық меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалдауға (жалға) беру барысында: 1) осы қаулымен бекітілген базалық ставкаларға, қолданылатын коэффициенттер тәртібі мен мөлшерлеріне сәйкес жалгерлік төлемді анықтасын. 2) осы қаулының 1-тармағына сәйкес 2006 жылғы 1 қарашадан жалгерлік төлемді қайта есептесін және жалгерлермен мүлiктiк жалдаудың (жалға алудың) қолданыстағы барлық шарттары бойынша қосымша келісім жасасын. 3) әрбір келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап өткен жылдың қалыптасқан инфляция коэффициентін арттыру жолымен базалық ставкалар мөлшерлеріне түзету жүргізсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|