|
Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 23 маусымдағы № 527 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді
«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңы 26-бабының 6-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Мыналар: 1) «Қызметте үздік шыққаны үшін» медалі; 2) «Қылмыстық-атқару жүйесінің еңбек сіңірген қызметкері» медалі; 3) «Қылмыстық-атқару жүйесі органдарындағы мінсіз қызметі үшін» І, II, III дәрежелі медальдары; 4) «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі Қазақстан Республикасы әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің ведомстволық наградалары болып белгіленсін. 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі медальдарының сипаттамасы және олармен марапаттау ережесі бекітілсін. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2007 жылғы №
Президентінің 2007 жылғы № Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі медальдарының сипаттамасы
1. «Қызметте үздік шыққаны үшін» медалі алтын түстес металдан дайындалады және Қазақстан Республикасы әділет органдары қылмыстық- атқару жүйесінің нышаны нысанында болады. Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар бедерлі. Медальдің шеттері мен ортасындағы шеңбері ернеумен жиектелген. Медаль құлақша мен шығыршықтың көмегімен қаракөк түсті жібек қатқыл лентамен қапталған тік бұрышты тағанға жалғанады. Лентаға алтын түстес қалықтаған қыран кескіні тігіледі. Тағанның сыртқы жағында марапатталушының киіміне қадауға арналған тиісті бекіткіш бар. Медальдің графикалық бейнесі қоса беріліп отыр (1-қосымша). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|